Аcыл қасиеттер туралы айтылған нақыл сөздер:
Платон - менің досым, алайда ақиқат қымбат қой.
Аристотель
Ұлыға бәрінен гөрі адалдық жақын тұр.
В. Гюго
Жер бетінде адал адамнан өткен тамаша ештеңе жоқ.
Р. Роллан
Ұлы жүректің ақиқат пен әділдіктің қорытылған құймасына айналған адалдығы арамдықты жайдай жайратады.
В. Гюго
Адал өмір сүргеніңді білген кезде өмір өте жақсы және жеңіл көрінеді.
М. И. Калинин
Адалдық – өмірден қымбат.
Ф. Шиллер
Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол.
Т. Фуллер
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
М. Әуезов
Асыл қасиет – адалдық, асыл мінез – адалдық.
М. Горкий
Адал болам десең, қоғам мүддесімен санасып, соған ғана сен.
К. Гельвеций
Адал арың – ақ мамық жастығың.
Г. Ибсен
Адал адам кім үшін де: жалпының игілігіне бола өмір сүру, ортақ мүддеге бола жеке мүддені құрбан ету деген сөз.
Н. П. Огарев
Адалдық деген не? Адалдық дегеніміз – ашық, шыншыл қарым-қатынас. Арамдық дегеніміз – жасырын, бүркемелі қарым-қатынас.
А. С. Макаренко
Әрқашан ойыңдағыны айтуға әзір тұр, сонда сұмырай да сенен аулақ қашатын болады.
У. Блейк
Егер өзі алдамшы алаяқ болмаса, ешкім де алдамшылармен таныс-біліс болуды сүймейді.
Ж. Ж. Руссо
Адал адамды қудалауға болар да, бірақ ардан ада етуге болмайды.
Ф. Вольтер
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: liveinternet.ru