1. Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз.
2. Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
3. Арттағы сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де өлмегенмен боласың тең.
4. Күшік асырап ит еттім,
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды мені атты.
5. Мен боламын демеңдер,
Аяқты алшаң басқанға.
6. Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын.
7. Екі кеме құйрығын,
Ұста жетсін бұйрығың.
8. Ермен шығар ит қылып,
Бидай шашқан егінге.
9. Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыныңа бұрып іс қылма.
10. Кердең мойын кесілер,
Кеселді түйін шешілер.
11. Кез болсаң қайғы я зарға,
Құрсатса тілді ұмтылтып.
Алып шықпа базарға,
Асаудайын бұлқынтып.
12. Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойға жұқпас сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
13. Ақыл, сезім болмаса,
Тіршіліктің несі сән.
14. Ағайынға іс түскен -
Ол бір үлкен қарғыс қой.
Аларың сонда ең күштеп -
"Бейшара" мен "байғұс" қой.
15. Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек.
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
16. Сұлу аттың көркі - жал,
Адамзаттың көркі - мал.
Өмір сүрген кісіге,
Дәулет - қызық, бала - бал.
17. Қартаң тартқан адамнан от азаймақ,
От азайса - әр істің бәрі тайғақ.
18. Кей құрбы бүгін - тату, ертең - қату,
Тілеуі, жақындығы - бәрі сату.
19. Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып.
20. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.