Өзі өлсе де, артына өлмейтін із қалдырған Абай Құнанбайұлының өткір ойлары, өнегелі сөздері қашанда жадымызда. Қара халықтың қамын ойлап қайғырған бабамыздың адам бойындағы ең ізгі қасиеттер – адамгершілік, ар–ұят туралы айтқан асыл сөздері жетерлік. Ендеше, Абай атамыздың осы туралы айтқан бір топ өсиет сөзін назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз.
Пайда ойлама – ар ойла.
Бақастық күншілдікті зорайтып, адамгершілікті азайтады.
Арыңды сатып тапқан мал – харам.
Бір қылығың жағып күнде жақсы болмайсың.
Алла асыраған пенде аш болмайды.
Аз ақшаға малданып, өнбес іске жалданба.
Ұлыққа – қошеметшіл де бір, құл да бір.
Арлану – ақылдының ісі.
Жақсының – жолы ашық.
Дұрысы: аққа тартқан – жөнге қайтқан.
Кей жаманның мінезі: күн жауғанда – қойныңда, күн ашықта – мойныңда.
Жаныңа жаққанның соңынан еруге жалқауланба.
Адамға ақыл керек, іс керек, мінез керек.
Ішсем, жесем, ұйықтасам – тән құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен – жан құмары.
Көріп – көріктіні, таңдап – тектіні ал.
Мал өмірді жалғамайды.
Пейілі кедей байдан сақта.
Өзі шошқа – өзгені ит деп ойлар.
Пайдасыз тақыл – ойлаусыз ақыл.
Көкірегі – сезімді, көңілі – ойлыға бәрі анық.
Кейбіреу құр тілмен мал жиғысы келеді.
Тұрлаусыздың қолынан түк келмейді.
Малқұмар көңіл – соқыр көңіл.
Жан мен тән малда да болады.
Қолдағыңды қорғап бақ.
Малыңды жауға – басыңды дауға қор қылма.
Өсек тасып, құмардан шығатындар болады.
Құлағын сатқан оңдырмас та, оңбас та.
Татуды араз, жақынды жат қыларға бұл қу өмірдің есеп қылығы татымайды.
Өмір – алдамшы: қызығыңды білдірмей ұрлайды.