- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Абай атамыздың афоризмдері...
Абай атамыздың афоризмдері #2
Ақыл - жан қуаты.
Пайда мен залалды - ақыл айырады.
Адам баласының ең жаманы - талапсыз.
Қайратсыз, қорқақ кісі - мақтаншақ келеді.
Жинақылықтың түбі - кеніш.
Уайым-қайғының ішіне кіріп алып, шығар есігін таба алмай қамалып қалу - антұрғандық.
Адам баласы жылап туды, кейіп өледі.
Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп адам саумақ - өнерсіз иттің ісі.
Әуелі - құдайға сиынып, екінші - өз қайратыңа сүйеніп, еңбек қылсаң, қара жер де құр тастамайды.
Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы – осы.
Хайуан білмейді - білемін деп таласпайды да.
Көкіректе сәуле болмаса - көңілде сенім болмайды.
Өмірдің алды - үміт, арты - өкініш.
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа.
Екі көңіл арасы - жылшылық жер.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас.
Распенен таласпа.
Пайда, мақтан, әуесқой - шайтан ісі.
Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.
Мақтан қума, керек қу.
Көптің аузын күзетіп, күн көре алмайсың.
Адамзат - бүгін адам, ертең - топырақ.
Адамды сүй, Алланың хикметін сүй.
Қайғысыздың бәрі - асау.
Қолдан келмес іске ұмтыл - азат басың болсын құл.
Әннің де естісі бар, есері бар.
Өмірдің алды - ыстық, арты - суық.
Қарекет қыл - пайдасы көпке тисін.
Өлең - сөздің патшасы.
Татулықтан артық жолдас жоқ.
Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ.
Жастықта көкірек - зор, уайым - жоқ.
Жастықта бір күлгенің - бір қаралық.
Махаббат - өмір көркі.
Кекшіл болма - көпшіл бол.
Шын жүрек - бір жүрек.
Кейбіреулер сөзді жүрегімен тыңдамайды, құлағымен қармайды.
Дұшпаныңа әділ бол.
Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын.
Тұрлаусыздың қолынан түк келмейді.
Майданға түспей - бәйге алма.
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас.
Өмір жолы - тар соқпақ.
Көрік - тәңір дәулеті.
Өткен өмір - көрген түс.
Күлкінің ерні кезермес.
Түзде мырзаң - үйде сырдаң.
Тағдыр көрмей қоймайды бұққанменен.
Кейбіреу құр тілмен мал жиғысы келеді.
Ж. Исакаев