Өзіңді қалай танып білуге болады? Тіпті де құр түйсінумен емес, тек қана іс-әрекет арқылы. Өзіңнің борышыңды орындап көрсең болды, өзіңді тани кетесің.
И. Гете
Өзіңнің борышыңды орындауға тырыс, сонда сен өзіңнің неге тұратыныңды дереу біліп аласың.
Л. Н. Толстой
Адам өзінің қабілеттерін оларды іс жүзінде қолдануға тырысуы арқылы біле алады.
Сенека
...Иә, біз тек фактілерді ғана бағалаймыз және адамдардың қадір-қасиетін іс-әрекеттеріне қарап танимыз.
Н.А. Добролюбов
...адамды оның өзі туралы не айтқанына немесе не ойлайтынына қарап емес, оның ісіне қарап бағалайды.
В. И. Ленин
Өздеріңіздің де, өзгенің де сөздеріне сенбеңіздер, өздеріңіздің және өзгелердің істеріне ғана сеніңіздер.
Л. Н. Толстой
Міндетті түрде күн сайын аз да болса міндет борышын атқарып отыру - тамаша іс.
Э. Делакруа
Борыш сезімі нұрландырмаған өмірдің шын мәніде ешқандай бағасы болмас еді.
С. Смайлс