- Негізгі бет
- Тұлға
- Марк Цукербергтің қағидалары...
Марк Цукербергтің қағидалары
Әлемге танымал Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған және бүгін капиталы 71 миллиард долларды құрайтын Марк Цукербергтің өз қағидалары бар. Сізде көз жүгіртіп шығыңыз, мүмкін қажетіңізге жарап қалар.
Бүгіннен баста:
Мінсіз сәтті, "ертеңді" күтуге болмайды. Өйткені, ол – ешқашан келмейтін шақ. Ойға алған нәрсені бастап кетпей, сізді қорқыныш та сенімсіздік те жібермейді.
Тәуекел ет:
Адам тек уақытында тәуекел етпегеніне өкінеді. Сізде таңдау бар: тәуекел етіп, істі бастау немесе өмір бақи өкініп өту.
Қателес:
Өмірде бәрі сіз қалағандай не жоспарлағандай бола бермейді. Қателіктен қорқу сізді мақсатыңыздан алшақтатып қана қоймайды, одан қол үзуге мәжбүрлейді.
Кері байланысқа шығыңыз:
Сізбен және сіздің тауарыңызбен байланысқан кез келген адам белгілі бір әсер қалады. Біреу жақсы идея ұсынуы мүмкін, бірі сұрақ қояды, енді бірі сіз көрмегенді байқайды. Міндетті түрде сөйлес, ақылдас, пікір алмас.
Барыңды сал:
Барлығымызда уақыт, қуат және күш атты үлкен ресурс бар. Осы ресурсты өз өніміңізге құйыңыз. Өзіңізге инвестиция — алаңсыз болашаққа жасалған алғашқы қадам.