Жүсіп хас хажиб Баласағұн ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшһүр болған данышлан-ойшыл, энциклопедист-галымы, белгілі қоғам қайраткері. җүсіп баласағұн өз замандастарына және өзінен көп жылдар кейін өмір сүрген ұрпақтарға орта ғасыр- дың атакты ғалымы, дәлірек айтсақ, табиғаттану, ризиет (математика), фәләкият (астропомия), тарих, араб-парсы тіл білімі, т. б. толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама-ғалым ретінде жақсы мәлім болған. Әйтсе де жүсіптің есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілікке өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір әдеби мұрасы - «құтадғу біліг» («құтты білік») дастаны. бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихы, қоғамдық саяси өмірі, құрылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, т. б. жөнінде аса қызықты, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды.
Ақын «Құтты білікте» қандай адам «ұлы хас хажиб» болып істеуі мүмкін деген сауал қойып, оған өзі егжей-тегжейлі жауап айтады, Ұлы Хас Хажиб - әмірші-патшаның көрер көзі, есітер құлағы, ол мемлекет заңдары мен сол елдің әдет-ғұрпының дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Сондай-ақ ұлы уәзір - қазыпа ісін басқарушы адамға, сарайда қызмет ететін хат көшірушілер мен қол өнершілерге патша атынан әмір береді, елшілерді қабылдап, шығарып салып отырады, ресми түрдегі салтанатты жиындардың заңға сәйкес өтуін кадағалайды, әрі кедейлер мен жетім-жесірлердің арызын тыңдап, оны эликбекке, яғни Табғаш Қара Богра хана жеткізіп отыруы тиіс. Бұған қарап, Жүсіп Баласағүнның патша сарайында қандай қызмет атқарғанын ғана емес, сонымен бірге ақын «Құтты білікте» өзіне өте жақсы таныс мәселелерді мейлінше терең біліп барып жазғанын да аңғарамыз. Автор өз шығармасының кіріспесінде дастанның қайсы тілде жазылғаны туралы айта келіп, былай дейді:
Әрабчә тажікча китәбләр укуш,
Бізніңг тілімізгә бу нумғн оқуш.
Мазмұны:
Арабша, тәжікше кітаптар көп,
Ал, бұл - біздің тілімізлегі тұңғыш даналық жинағы.
«Біздің тіліміз» деп ақын түркі тілін айтып отыр- ғаны мәлім. сондай-ақ бұл дастанға қарасөзбен жазылған кіріспеде шығарманың тілі жөнінде айтылған мынадай пікір бар: «шығыс елдерінде, бүкіл түркістан халықтарында түркі сөздерімен, бограхан тілінде жазылған бұдан артық» кітап жоқ. Табғаш қара богра хан әулеті қарахан мемлекетінде билік жүргізген дәуірде кеңінен тараған жазба әдеби тіл кезінде «бограхан тілі» деп те айтылған. Сонымен, «құтты білік» дастанының тілін қазіргі түркі тілдерінің қайсы тобына жатқызуға болады деген сауал туады. бұл жөнінде бүгінгі түркология ғылымында әртүрлі пікір айтылып келеді. Мәселен,
С.Маслов «Құтты білік» көне ұйғыр тілінде жазылған десе, А.Щербак қарлұқ тілінде, Г.Благова дастандағы сөздердің талдану сипатына қарап, бұл шығарма қарлұқ-қыпшақ тілінде жазылған деген қорытынды жасайды.
Ал біздің ойымызша, қалай болған күнде де Жүсіп Баласағұн өз дастанын сол кезде Қашқардан бастап, сонау Амурдарияға дейінгі ұлан-ғайыр өлкелер мен уәлаяттарды өзіне қаратқан Қарахан мемлекетінде өмір сүрген түркі тайпаларының бәріне бірдей түсінікті,ортақ әдеби тілде жазғаны даусыз. Оның үстіне, есімікүллі әлемге шығыстанушы-ғалым В. В. Бартольдтың: «Қарахан елінің азаматтары өздерін ұйғыр деп атаған емес, Җүсіп Баласағұн үшін өзі жазған тілұйғыр тілі болған емес» деген әділ пікірін ұмытпау керек.
Әрине, «Құтты білік» дастанының мән-мағынасы бұл қарапайым сюжетінде емес. Мұндай сюжет дидактикалық шығармаларда көмекші қызмет атқарады. Басқаша айтқанда, бұл дастанда көтерілген басты мәселе шығарма қаһармандарының басынан өткізген оқиғаларында емес, сол қаһармандар арқылы айтылатын автордың өсиет-уағыздары мен ғибрат сөздерінде, сұрақ-жауаптарында жатыр.Шығарманың негізгі тематикалық бағыт-бағдарын автор дастанның басты қаһармандарымен оқушысын таныстыру арқылы аңғартады. Мәселен, ел-жұртты басқарып отырған патшаның есімі Күнтуды болып, мұның өзі аллегориялық тұрғыдан әділдікті, шындықты бейнелеп көрсетуі тегін емес. Сондай-ақ патшаның уәзірі Айтолды да бақ-дәулеттің символы ретінде көрінеді.Шығармада аспандағы айдың дөңгеленіп, толуы елдің бақ-дәулетініц кемеліне келгенін аңғартады. Ұғдүлміш - ақыл-парасаттың бейнесі ретінде алынғаны бесенеден белгілі болып тұр. Ал, Одгүрміш адам бойындағы қандай қасиетті бейнелеп көрсетеді? Мұны бірден түсіну қиын. Өйткені оны басқа қаһармандар секілді автордың таныстыру сөзімен емес, тек шығарма текстін оқып барып қана түсінуге болады. Одгүрміш бейнесі әрбір адам қолда барға қанағат ете білу керек деген қарапайым қағиданы аңғартады. Сонымен, «Құтты білік» дастанының сюжеттік бөлімі негізінен шығарманың бас қаһармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, олардың бір-біріне
жазған хаттарынан тұрады. Айталық, дастанның 14-20 тараулары Қүнтуды мен Айтолдының өзара әңгімесі болып келеді. Ал, Айтолды мен Одгүрміш арасындағы сұқбат шығарманың 21-22 тарауларында баяндалады. Күнтуды мен Үгділміштің диалогіне автор дастанның 24 -38 және 72 тарауларын арнаған. Бұдан кейін Ұғдүлміш пен Одгүрміш (40- 44, 46--67 тараулар), Күнтуды мен Одгүрміш әңгімелері (70-71 тараулар), Айтолдының жазған хаты (23 тарау), Қүптудының Одгүрмішке жолдаған екі хаты (39, 45 тараулар),Одгүрміштің Күнтудыға арнаған сәлем хаты (44 тарау) болып келеді.
Қорыта айтқанда, «Құтты білік» дастанын композициялық құрылысы тұрғысынан қарасақ, шығарманың әрбір тарауы белгілі бір моральдық, этикалық, философиялық мәселелерге арналған.
Соның өзінде автор шығарма желісін үзіп алмай, дастанның бір тарауын екіншісімен сюжет арқылы шеберлікпен жалғастырып отырады. «Құтты білік» дегенде айтылатын «білік» формасының екі түрлі мән- мағынасы бар. бірі - «білім», екінші- «билік ету», «басқару». ал, құтадғу» сөзінің негізі «құт» сөзінен яғни «бақыт» екені мәлім. Сонымен бірге, «құтадғу» сөзі «мәртебелі» деген мағынаны да білдіреді. Сондықтан В.Бартольд кезінде кітаптың атын орыс тіліне «бақыт сыйлайтын білім» ("Знание, дарующее счастье») немесе «Патшаларды ақылға шақыратын білім» (Знание, образующее царей») деп аудару жөнінде ұсыныс жасаған. Ал, С. Е. Малов дастанды «Бақыт кітабы» («Книга счастья») Яки «Бақытты етуші басқару» («Осчастливли-вающее управление») деп аудару жөнінде пікір айтқаны мәлім. Зерттеуші А.Валитова «Құтадғу білігті» «Басқару туралы білім» («Наука об управлений») делами деп аударады. Бұл аудармалардың бәрі дерлік ішкі мән-мағынасы жағынан бір-біріне жақын деуге болады.
Өйткені олар билік жүргізу хақында, түрлі әлеуметтік топтағы адамдардың өзара қандай қарым-қатынаста болуы керектігі жайында екенін аңғартады. «Құтты білік» дастанын тұңғыш рет орыс тіліне толық поэтикалық тәржіма жасаған С. И. Иванов бұл мәселеге өзінше келіп, дастанды - «Құтты білім» («Благодатное знание») деп өте сәтті аударған!. Өйткені бұл аударма Жүсіп Баласағүн дастанының негізгі идеясын айқын білдіріп тұр. Сонымен, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін қоғамдық әлеуметтік тұрғыдан терең түсінген ғұлама-ақынның «Құтты білік» дастанында көтерген ең басты мәселелердің бірі - ел басқару мәселесі. Елді, мемлекетті қалай басқару керек? Ел басқаратын адамда кандай қасиеттер болуы шарт? Міне, автор осы сауалдарға өз заманының оқыған, көзі ашық, ойшыл азаматы ретінде, әрі феодал тобының мүддесін қорғайтын өкілі ретінде жауап береді. «Құтты білік» дастаны Қарахан әулеті үстемдік жүргізген орта ғасырдағы аса маңызды қоғамдық-саяси мәселелерге арналған. Жүсіп Баласағұн мемлекет пен патша, әкімдер мен қарапайым халық, патша сарайының қызметкерлері, олардың құқықтары мен міндеттері, феодал топ пен қалың бұқара арасындағы қарым-қатынас туралы оқырманға ой салады.
Әмзе Нұрмұқасан,
Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ,
Филология факультеті, 1-курс магистранты
Жетекшісі Данатаев Жанат Жанатайұлы, профессор,доцент.