Головкиннің қарсыласы жайлы не білеміз?

Орта салмақта IBO және IBF нұсқасы бойынша чемпиондық атаққа ие Геннадий Головкин 18 желтоқсан күні жекпе-жекке шығады. Отандасымыздың қарсыласы – Камил Шеремета. Бокс жанкүйерлері поляк былғары қолғап шебері жайлы хабары аз. Massaget.kz сайты Головкиннің қарсыласы жайлы ақпаратты назарыңызға ұсынады. 

Камил Шеремета әуесқой бокста 192 жекпе-жек өткізіп, оның тек 22-нде жеңілген. Жетістіктерінің ішінен Польша чемпионатының алтын және қола жүлдесін атап өтуге болады. Бұған қоса 2010 жылы өткен "Феликс Штамм" жарысындағы жеңісі бар. Финалда Шеремета қазақстандық Серік Сәпиевті жеңген болатын. 

Кәсіпқойдағы алғашқы жекпе-жегін 2012 жылы өткізді. Бүгінгі таңға дейін ол 21 қарсыласын жеңген. Оның бесеуін сұлатып түсірген. Орта салмақта EBU Еуропа чемпионы белбеуі бар. 

Шеремета - кәсіпқой бокстың ортаңқол өкілі. Ұзақ уақыт орта деңгейлі жекпе-жектер өткізіп, титул алуға мүмкіндігін күтіп жүрді. Ал Головкин белбеу жеңіп алу үшін оның мансабындағы жалғыз мүмкіндігі. Бокс сарапшылары Шереметаның қорғанысы мен шабуылға тосыннан шығатын қабілетін айтады. Осының арқасында Камил кәсіби бокста бірде-бір кездесуінде жеңіліс таппаған. 

Поляк боксшы үшін Головкинге қарсы жекпе-жек өзін бокс әлеміне танытудың бірден бір жолы. Бұған қоса Камил бұған дейін АҚШ-та шаршы алаңға шықпаған. Дегенмен ол титулдық жекпе-жек өткізуге дайын. Қазір Камил Шеремета WBC және WBA тұжырымдарының үздік үштігіне кіреді.