Фрилансер болғысы келетіндерге қажет кітаптар

Фрилансер болғысы келетіндерге қажет кітаптар
Фото: depositphotos.com

Фрилансер – өзіне жұмыс істейтін еркін маман. Ол тапсырыстарды өзі іздестіріп, ыңғайлы жұмыс кестесін дайындайды. Фрилансерлер бір уақытта бірнеше тапсырысты қатар орындауы мүмкін. Дегенмен бұл салада да жетістікке жету үшін білім мен тәжірибе қажет. 

Ана Мавричева, «Танымалдылық коды 2020. Digital дәуірінде жеке брендті дамыту» (Код публичности 2020. Развитие личного бренда в эпоху Digital)
Кітаптың алғашқы басылымы 2020 жылдың жеке брендті дамытуға арналған трендтері баяндайды. Екінші басылымы толықтырылып, қайта жарық көрді. Кітап авторы Ана Мавричева – жеке бренд бойынша маман, сарапшы. Кітабында әлеуметтік желіде даму жолдары, атақ және танымалдылықпен жұмыс істеу, түрлі шеберлік сабақтарында спикер болудың әдістер секілді мәселелерді қарастырады. Сонымен қатар кез келген салада өзін танытқысы келетін жандарға арнап маркетингтік әдістер мен алгоритмдерді, дайын жұмыс жоспарын оқырман назарына ұсынады.

Дональд Рос, Бұл кітапты оқыма: Шығармашыл адамдарға арналған тайм-менеджмент (Don’t Read This Book: Time Management for Creative People)
Егер шығармашылық адамы болып, өзіңізге жұмыс істесеңіз, барлығына қалай үлгеруге болады? Мұнда классикалық тайм-менеджмент көмектесе ме? Дизайнер Дональд Рос уақытты тиімді пайдаланудың ерекше әдісін жасап шыққан. Ол істеудің керегі жұмыстар тізімін дайындайды. Сонымен қатар басымдықтарды дұрыс қоюды үйретеді. Кітапта өзінің ерекше әдісін толық сипаттайды.

Бұл – шығармашыл адамдарға арналған таптырмас нұсқаулық. Фрилансерге қажетті әдеттерді айтады. Жұмысты күйзеліссіз және жылдам орындауға көмектесетін құпиялармен бөліседі.

Джейсон Фрайд, Дэвид Хенссон, «Қашықтықтан. Кеңсенің қажеті жоқ» (Remote. Office Not Required)
Кітап авторлары – белгілі кәсіпкерлер, «37signals» жобасының негізін салушылар. Олар ХХІ ғасырда кеңседен бас тартуға болатынын дәлелдейді. Қашықтықтан атқарылатын жұмысты жұмысшы және жұмыс беруші тарапынан қарастырады. Жұмыс барысын ұйымдастырудың маңызын сипаттап, ғылыми және практикалық мысалдар келтіреді.

Анна Бонецкая, «Фриланс: Тәуекел ету және қалу» (Фриланс: Рискнуть и остаться)
Фриланс әлеміне аяқ басу – оңай шешімдердің бірі емес. Біз тұрақты және белгіленген жалақыға үйреніп қалғанбыз. Бұл үшін жеке өміріміз бен бос уақытымызды да арнаймыз. SMM курстарының авторы Анна Бонецкая кеңседегі жұмыстан бас тартып, жеке фрилансты ұйымдастыруды үйретеді. Кітаптан портфолионы жасауға арналған кеңестер мен клиент табудағы қиындықтар жайлы біле аласыз.

Balbal.kz

@. @assel_assanova