- Негізгі бет
- Тұлға
- Айналайын, аяғыңнан сыз...
Айналайын, аяғыңнан сыз өтпесін
Дінмұхаммед Қонаев табиғатынан қарапайым, халық қатарлы адам болған. Қазақстанды қырық жыл басқарса да, қарабайым тұрмысынан ешқашан жаңылған емес деседі. Димекеңнің осындай бір қарапайым мінезіне
Ораз Қауғабаевтың "Таңғажайып Қонаев" кітабында мынандай естелік айтылады:
1982 жылы Димекең үшінші рет Еңбек Ері атағын алып, тағы бір "Алтын Жұлдызды" кеудесіне тақты. Димекеңді осы атағымен құттықтау үшін қарапайым халық пен зиялы қауым кезекте тұрды. Қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсірепов бастаған бір топ жазушының құттықтау кезегі келген күні Шәміл (композитор, әнші Шәміл Әбілтаев – ред.) де ебін тауып, Димекеңе кірді. Шәмкен Димекеңді алдымен атағымен құттықтау, содан соң арнайы жасалған, тілек сөзі жазылған домбырасын сыйлады. Домбыраны қолына алған Димекең "Мынау өзі шешен домбыра ғой" деп күйшіге дән риза болды. "Кейін менің саяжайымда өнеріңді көрсетесің, балам" деп тағы да әкелік қамқорлығын сездірді.
Кемеңгердің кенпейіл, мейір-шапағаты мол ұлы қасиетін жақсы таныған күйші Димекеңді туған күнімен құттықтап тұруды өзіне парыз санады. 1985 жылы жолдасы Өрікгүл екеуі 12 каңтарда бір десте гүл алып, Димекеннің үйіне келіп, қонырауын басты. Есікті патшаның өзі ашты. Шәміл аяқ киімін сыртқы дәлізге қалдырып ішке кірген еді. Мұны байқаған Димекең "Енді келгенінде аяқ киімінді ішке шеш, айналайын, аяғыннан сыз өтпесін" деп бәйек болып, соңында қонақтарды дәмге шақырды.
Димекең зейнетке шыққанда "Қонаев қоры" құрылды. Оның бөлімшесін бірінші боп ТМД елдерінде Өзбекстанда ашылды. Осы жиын салтанатқа Шәміл де шақырылды.
Кернейлетіп, сырнайлатып қарсы алды. Шәмілдің Димекеңе арналған әнін өзбек ағайындары ерекше ынтамен тыңдап, қатты тебіреніп, тіпті егіліп кетті. Қошаметте шек жоқ. Дана Димекең Өзбекстанның бұрынғы біріншісі басшысы Шараф Рашидов қайтыс болғанда көңіл айтуға өзі арнайы барған еді. Өзекеңдер соны ұмытпапты.
Қ. Слямбек