Бұл сұраққа әзілің шығар деп жауап қатып, жылы жауып қоя салайық десек, америкалық миллиардер Илон Маск неге дайындық жүргізіп жүр деген сауал туындайды. Өйткені, жақында ғана миллиардер өз инстаграмына от шашқыш қаруды жариялап, оның негізгі ерекшелігі зомбилерден қорғайды деген болатын. Илон Маск өзінің Twitter-дегі парақшасына Зомби-апокалипсис орын алған жағдай, от шашатын қаруды сатып алғандарыңыз үшін қуанасыздар. Олар сізді өлімнен сақтайды немесе біз ақшаларыңызды қайтарып береміз, деген еді. Кейін бес сағаттың ішінде алдын ала тапсырыс беру арқылы 500$ тұратын 2 мың қаруды сатып үлгерді. Масктің сәтті әзілі тек өзінің ғана табынушыларын ғана емес, тірі өліктермен күрес жүргізетін фильмдер, сериалдар мен компьютер ойындарының жанкүйерлерін тамсандырды. Бірақ, зомби мәдениетіне құныққандар бұл эпидемиядан осы қарусыз-ақ құтылуға болады деген еді. Зомби мәдениетіне қызығушылар бұл эпидемия жақын арада болмаса да, түбі бұл вирус жасалып, адамзаттың жапа шегетінін бірнеше рет айтқан болатын. Зомби болу үшін туа бітті мутацияның қажеті жоқ. Эбола секілді лезде таралатын вирус болса, болғаны. Оның не мақсатта қолданылатыны да белгісіз немесе әдеттегіше адам өмірі арқылы жүзеге асатын бизнес. Осы уақытқа дейін бұл жағдайды филмдерден көріп, қорқынышты әлем ретінде санайтынбыз. Соның ішінде, Әлем соғысы Z, 28 күн өткен соң немесе әлемдік сериаломандардың сүйіктісіне айналған Тірі өліктер (Ходячие мертвецы) сериалын да естен шығармаған жөн. Зомбилер туралы бірнеш кітап пен бірнеше фильмнің сценарийін жазған Марк Брукстың болжамына сәйкес, зомби арасында тек мына қағиданы ұстанған адам ғана өмір сүре алады: таза су, тағам, медициналық дәрі-дәрмектер, электр жарығы бар, рация мен қаруды дер кезінде таба білген адам. Әсіресе, қуаттауды қажет етпейтін қару ғана құтқарады: олар пышақ, қылыш, балта. Егер катастрофа мегаполисте басталса, қаладан шығып үлгеруі тиіс. Қауіпсіз жер жоқ, бар болғаны өте қауіпті жер бар және қауіп деңгейі төмен елдімекендер бар дейді Брукс. Қазақстандағы қауіп қаншалықты?Әлемдік зерттеу нысандарына сүйенсек, мұндай апат басталса, Қазақстан қауіпсіз елдер қатарына жатады. Біріншіден, біздің еліміздегі ауа-райы құбылмалы. Қазақстан шұғыл континенттік климатқа ие. Зомбилар не суықта, не ыстыққа төтеп бере алмайды дейді. Екіншіден, қалалар, ауылдар мен елдімекендерді арасы алшақ орналаcқан. Яғни, адамдардың орналасу жиілігі төмен. Вирус жеткенше, ыстыққа қақталып, суықта үсіп ктеуі әбден мүмкін. Осылайша, біздің елімізге бұл апат қауіп төндіріп тұрған жоқ. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Бұл туралы сіз не ойлайсыз?