Youtube компаниясы видеоплатформа тұтынушыларына жаңа функция ұсынды. Енді ютуб-блогерлер өз каналына жазылғысы келетіндерден ақы алады. Бұл блогерлерге жарнамасыз-ақ өз контентін монетизациялауға ашылған жол болып отыр. Channel Memberships функциясы 100 мыңнан астам фолловеры бар блогерлерге ғана қолжетімді. Каналға жазулы айына $ 4,99 тұрады. Блогерлер осы бағаның 70%-ын алып отырады.