YouTube-те жарнамадан арылу жолы

YouTube-те жарнамадан арылу жолы
Фото: Change

Бүгінде YouTube әлем халқының ең көп қолданатын жүйесіне айналып үлгерді. Бірақ кейінгі кезде видеожүйеде жарнама көбейгенін байқап жүрміз. Сүйікті видеоларымызды жарнамасыз көрудің бірнеше жолы бар.

YouTube жарнамасыз көру үшін Premium-жазылымды сатып алуды ұсынады. Бірақ тегін жолдары да бар. Түрлі браузерлерде AdBlock секілді жарнамаларды көрсетпейтінін жүйелерді жүктеуге болады. Алайда компьютеріңіз әлсіз болса, видеоның жүктелуі ұзаққа созылып, ыңғайсыздық тудырады. 

Ешқандай жазылым сатып алмай, ешқандай жүйені жүктемей тек бір әрекетті қайталасаңыз жеткілікті. Ол үшін YouTube-тың мекенжай жолындағы сілтемеде .com сөзінен соң (/ алдында) нүкте қойсаңыз жеткілікті. Нүктені жазған соң "Енгізу" батырмасын басып, кез келген видеоны жарнамасыз көре аласыз. Лайфхак!

 
А. Рысдәулет