Биылғы жылдың мамыр айында Яндекс компаниясы өзінің жеке гаджетін шығарған еді. Смартфонның таныстырылымында Яндекс. Аялдама деп аталған дауыспен басқарылатын функция сөз болды. Ол плейердегі әнді қосып, сіздің қалаған сұрағыңызға жауап бере алады. Бұл атаулы телефонның негізгі артықшылығы. Жақында Яндекс компаниясы дәл осы ұсынысты жарыққа шығаруға рұқсат алды. Смартфон Ресей аумағында жасалады және осы аумақта пайдаланылады. Бұл ақпарат Еуразия экономика комиссиясының хабарламасында жарияланды. Теріскейдегі көршілеріміз жасаған гаджетке Яндекс. Телефон деген атау бермек. Сонымен қатар, Швейцарияда тіркелген Yandex Services AG бұл өнімнің дайындаушысы ретінде құжатта көрсетіледі. Компания өкілдері смартфонның басқа да артықшылықтары туралы әлі толыққанды ақпарат берген жоқ.