- Негізгі бет
- Техно
- Xiaomi смартфонға түсірілген...
Xiaomi смартфонға түсірілген суреттерге байқау жариялады
Xiaomi мобильді фотография байқауын жариялады. Басты шарт – суреттер Xiaomi смартфонына түсірілуі тиіс. Байқаудың жүлде қоры – $50 000.
Әр қатысушы 6 сурет жүктей алады. Суреттер мына 4 категория бойынша қабылданады: портрет, пейзаж, түнгі түсірілім, креатив сурет.
Конкурс 23 қарашада аяқталады. Байқаудың бірінші кезеңінде сурет кемі үш адамға ұнауы тиіс. Содан кейін негізгі байқауға қатыса алады. Онда кәсіби қазылар үздік 100 суретті іріктеп, көпшілікке ұсынады. Жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталады. Әр категорияда үш жеңімпаз болады: бірінші орынға $10 000, екінші орынға $2 000, үшінші орынға $500 тағайындалған.
Суреттер компания сайтына жүктелуі тиіс. Қазірдің өзінде байқауға мыңдаған суреттер жүктелген.
©lidiyasimankova/Redmi Note 5
©Katyaru/MI 6
©Ujang Ahmad Soleh/MI 5
©洪漢斯/MI Max 2
©lutfi anggriawan/MI Mix 2S