- Негізгі бет
- Техно
- Ұйықтарда смартфон қолданудың...
Ұйықтарда смартфон қолданудың зияны
Қараңғыда смартфон көп қолданған адам бас ауруына шалдығуы мүмкін. Өйткені смартфон экранының жарығы ми қабатын тітіркендіріп, «ашуын» тудыруы ықтимал. Мұны DocDoc.ru сайтының медициналық директоры Владислав Мохамед Али айтты.
Маманның айтуынша, қараңғыда, түнде смартфонды жиі қолдану адамды дұрыс ұйқыдан айырады. Жақсы ұйықтағысы келген адам экран жарығынан бас тартқаны жөн.
– Қараңғыда смартфонға қарарда жарығын азайтқан абзал. Әйтпесе, жап-жарық экран көзді нашарлатып, миға зақым келтіруі мүмкін, – дейді маман.
Одан бөлек, телефонның түнімен қуатта сұғылып тұруы дұрыс емес. Смартфонның жұмысына да, жанында жатқан адамның денсаулығына да зиянын тигізуі мүмкін. Одан да оны ұшу режіміне қойып (режим полета) не өшіріп тастаған дұрысырық. Сонда зиянды сәулелену болмайды.
Сондай-ақ смартфонның қуатын 20-30 пайыздан төмен түсірмеуге тырысу керек. Қуаты таусылып өшіп қалғаны да, жиі толтырып қуаттау да дұрыс емес. Мұның бәрі аккумулятордың отырып, тез тозуына әкеледі.
Қ. Слямбек