- Негізгі бет
- Техно
- Ұйқысыздыққа қарсы құлаққап...
Ұйқысыздыққа қарсы құлаққап
Фото:
vk.com
Америкалық Bose компаниясы SleepBuds аталатын сымсыз құлаққап шығарды. Оның негізгі ерекшелігі — ұйқысыздыққа қарсы қолданылуында.
Сан-Диеголық Hush стартапы аясында жасалған құрылғы сырттағы артық дыбысты басып, тез тәтті ұйқыға кетуге көмектеседі. Формасы да басы көпшікке тиген адамның құлағын қажамайтындай етіп арнайы ойластырылған.
Құлаққапқа арнайы жүктелген 10 саундскейп табиғи құбылыстардың дыбысын береді. Мұндай құлаққап сатып алған адам оған өз тректерін орнатса да болады. Құрылғының қуаты 16 сағаттық ұйқыға жетеді.
А. Оралқызы