- Негізгі бет
- Техно
- Ұялы телефондағы «SOS»...
Ұялы телефондағы «SOS» функциясының артықшылығы қандай?
ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің төрағасы Қайрат Жақыпбаев алдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, алдағы уақытта комитеттің ақпараттық жүйелеріне барлық бейне бақылау камераларын қосу жоспарланған. Оған әкімдіктердің, мемлекеттік және жеке меншік компаниялардың, тіпті, жеке тұлғалардың камералары қосылады. Ал «е-куәгер» деген электронды жүйе барлық бейнежазбаларға талдау жасап, тәртіп бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын болады.
«Бизнесмендер және қарапайым xалық смартфонға «SOS» функциясын орнатып, полицияны шұғыл шақырта алады. Осы жартыжылдықта жаңа жүйенің прототипі Орал қаласында енгізіледі. Қазір Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен және жергілікті әкімдікпен тиісті жұмыстар пысықталып жатыр. Келесі жылда аталған бастаманы пилоттық негізде қолға аламыз», - деді Қ.Жақыпбаев Бас прокуратураның алқа мәжілісінде.
Комитет басшысының сөзіне қарағанда, өткен айдың соңында «е-арыз» электронды жүйесі пилоттық негізде қолға алынды. Соның арқасында прокурорлар xалық тарапынан түскен арыздармен жұмыс жасауды бақылап, өзекті деген мәселелерді анықтай алады. Мемлекеттік органдардың рейтингісін де жасауға болады.
А. Қажиев