- Негізгі бет
- Техно
- Ұшқышсыз әуе таксиі...
Ұшқышсыз әуе таксиі Volocopter алғашқы сынақтан өтті
Фото:
ixbt.com
Германияда жасалған VTOL Color connect төрт орынды электр шағын ұшағы алғашқы рейсін жасады. Бұл туралы Tech Crunch жазды.
Ұшақтың алғашқы сапары екі минут 14 секунд болды. Алғашқы рейс қысқа болғанымен ұшу сынақтан сәтті өткен.
Ұшақ 95 км қашықтыққа 250 км\сағат жылдамдықпен ұша алады. Болашақта ұшқышсыз ұшатын таксидің арқасында адамдар іскерлік кездесуге қала шетінен ұша алады.
Volocopter 2026 жылдан бастап тұтынушыларға қызмет көрсетеді деп жоспарланған.
Бұған дейін Словакияда үш минуттан аз уақыт ішінде көліктен ұшаққа айнала алатын AirCar ұшатын көлігі сәтті сынақтан өткен болатын.
Т. Раушанұлы