Lexus компаниясы ұшатын скейтбордты (Hoverboard) таныстырды. Бұл алғашқы кезде жай ғана тақтайша болатын. Инженерлер ұшатын скейтбордты жасауға 18 ай сарп еткен. Ховерборд Барселона қаласында сынақтан өтеді. Сынақ нәтижесінде ол су бетімен жүре алатынын көрсеткен. Ховербордты алғаш болып сынақтан өткізгендердің бірі Росс Макгуранның (Ross McGouran) айтуынша, ол өзінің жиырма жылдық тәжірибесіне қарамастан скейтбордқа мінудің жаңа тәсілдерін меңгеруге мәжбүр болған екен.