Тәжірибелі саяхатшылар дұрыс орын таңдаудың өзі ұшу-қонуға айтарлықтай әсер ететінін жақсы біледі. Өйткені, ұшақ орындарының бәрі бірдей қолайлы емес. Кейде қасыңызға жағымсыз жолсерік тап келсе, тіпті мазаңыз қашады. Қазір орынды алдын-ала таңдау мүмкіндігі бар. Сондықтан саяхатыңыз жайлы басталып, сәтті аяқталуы үшін таңдауға болатын орындар тізімін ұсынамыз.
Қысқа рейстер
Ұзақ ұшпайтын болсаңыз, онда орынды терезе жанынан алғаныңыз жөн. Бірақ орныңыз ұшақ қанатының тұсына сәйкес келсе, онда терезеден бұлтты аспанның сұлулығын көре алмайтыныңызды да естен шығармаңыз.
Алғашқы қатарға отырмағаныңыз абзал: бұл жерде сөмкеніңізді аяқ астына қоя алмайсыз. Соңғы қатардан да орын алмауға кеңес береміз. Біріншіден, орын дәретхананың қасында орналасқан. Екіншіден, орындық арқасы түсірілмейтіндіктен, ұшқан кезде тек тік отырасыз.
Орын брондаған кезде өту жолына жақын орналасқан орынның бос болмауын қадағалаңыз. Сонда ортадағы орын бос болу мүмкіндігі артады. Әйтпесе жаныңызға баласы не үй жануары бар көрші тап болуы мүмкін.
Ұзақ рейстер
5 сағаттан артық ұшатын рейстерде өту жолына жақын орналасқан орынға отыруды ұсынамыз. Өйткені кез келген уақытта тұруға, жүруге және сәл жаттығу жасауға болады.
Брондаған кезде жаныңыздағы үш орынның бос болмауына мән беріңіз. Алдыңғы қатардан орын алмаңыз. Өйткені ол жерде шынтақ сүйеніші көтерілмейді. Сәйкесінше, жаныңыз бос болған жағдайда екі орынды қатар пайдалана алмайсыз.
Үлкен ұшақтар
Үлкен ұшақтарда әр қатарда үш орыннан болады. Сондықтан ортадағы қатардың екі жағындағы орындарды алуды ұсынамыз. Қозғалу және орныңнан тұру әлдеқайда жеңілдей түседі. Сіздің мазаңызды ешкім алмайды, сәйкесінше сіз ешкімге кедергі келтірмейсіз.
Қасыңызда адам болса
Өту жолына жақын орналасқан екі қатардың шеткі орындарын алсаңыз, жүріп-тұруға әрі бір-біріңізбен тілдесуге мүмкіндік туады. Ортадағы қатардың шеткі орындары, екі жанында орналасқан орындарға қарағанда әлдеқайда жақсы екенін ескергейсіз. Өйткені сізді көршілеріңіз жиі мазалауы мүмкін.
Жұбыңызбен саяхаттағанда
Онлайн брондау кезінде үш қатар бос орынды тауып, оның екі жағындағы орынды алғаныңыз дұрыс: бірі терезе жанынан, бірі өткелде. Сонда ортадағы орын бос қалу мүмкіндігі артады. Бірақ, ортадағы орын бос болмаған жағдайдың өзінде онымен келісіп, ауысыуыңызға болады.
+ Лайфхак
Ұшақтың артқы бөлігінде орналасқан орындар ең қауіпсізі саналады. Сонымен қатар, ұшақтың артқы жағында орынның көбі бос күйі қалады. Өйткені орынды тарату алдыңғы қатардан басталады. Балалы адамдарды да көбіне алдыңғы қатарға тіркейді. Кей авикомпаниялар артқы орындарды арзанға сатады.