Ұшаққа мінгенде, "Ұялы телефондарыңызды өшіруді немесе авиарежимге қоюларыңызды өтінеміз" деген ескерту жасалады. Авиарежим не үшін керек немесе ұшақта неге смартфон қолдануға болмайды?
Авиарежим не үшін керек?
Авиарежимдегі смартфон GSM, Wi-Fi, Bluetooth арқылы ақпарат таратуды, қандай да бір байланысты тоқтатады. Яғни құрылғы радиоқабылдағыш қабілеті өшеді. Авиарежим мен өшірілген смартфонның арасында айырмашылық жоқ. Тек байланыстан өзге функциялары пайдаланымын дейтін қолданушылар үшін смартфон жасаушылар арнайы авиарежим функциясын енгізген.
Смартфон немесе өзге де байланыс құралдарын ұшақ көтерілгенде және қонған кезде өшірілуі тиіс. Әйтпегенде аэронавигациялық құрылғылардың жұмысына кедергі келтіріп, жердегі бақылау орталықтарының рейстерді қадағалауы қиындауы мүмкін.
"Смартфонды өшірмей-ақ қояйын, мен оны қолданып жатқан жоқпын ғой?!"
Смартфонды қолданбаса да ол желі жүйесін іздей береді. Оның тынымсыз жиілігі аэронавигация жиілігімен шағылуы мүмкін. Смартфонның жиілігі біз ойлағаннан да қуатты әрі қабілетті. Сондықтан пилот диспетчер командасын естімей қалуы ықтимал.
Ұшақта тек смартфонды емес, ноутбук, электронды кітап, плеер, ойын консольдарын да өшіру керек.