Әуе компаниялары жолаушыларға барынша қолайлалы қызмет түріне көрсетуге тырысып келеді. Қосымша ақы төлесеңіз сапарда смартфоныңыз не ноутбугыңызға Wi-Fi арқылы интернетке қосылады. Тоғыз шақырым биікте ұшатын ұшақтағы Wi-Fi қалай жұмыс істейді?
Бүгінде ұшақта интернет қолжетімді болуы үшін ATG (air-to-ground немесе "ауа-жер") жүйесі қолданылады. Бұл дегеніміз ұшақтың ұшу бағыты бойынша кәдімгі ұялы байланыс мұнарасы орнатылады. Құрлықта ұшып келе жатқан ұшақ әрбір ұялы байланыс мұнарасына кезек-кезек қосылып отырады. Алайда бұл жүйенің кемшілігі жетерлік. Біріншіден, интернеттің жылдамдығы төмен. Екіншіден, тек құрлықта не оған жақын маңда ғана істейді.
Ұшақтар ұялы байланыс мұнарасы орнатылмаған мұхит үстінен өткенде спутниктік жүйеге қосылады. Мұндайда жерсеріктер ұшақтан алған байланысты жақын маңдағы ұялы байланыс мұнарасына жіберіп, одан қайта ұшаққа жөнелтеді. Жолаушылар осылай мұхит үстінен ұшқанда интернетке қосыла алады.