Acer компаниясы 3D-дисплейлі ноутбук ойлап тапты. Бұл жайлы компанияның ресми сайты хабарлады.
Ноутбуктің моделі – ConceptD 7 SpatialLabs Edition. 2D-контентті үш өлшемді суретке айналдырып, арнайы экранға шығарады. Әсіресе, 3D видео мен сурет көруге, ойын ойнауға және видеоконференция не видеохабарлама жасауға ыңғайлы.
Экранның астында қолданушының басы мен көзінің, оның орналасу нүктелерін анықтайтын стереокамер орнатылған.
Компания инженерлерінің айтуынша, ноутбук Intel Core i7 процесінің 11-ші буынымен, GeForce RTX 3080 видеокартамен жабдықталған. Оперативті жады – 64 гигабайт. Ал SSD NVMe жинақтаушының сыйымдылығы – 2 теребайт.
"Бағдарламашылар мен дизайнерлерге керек құрылғы. 3D-кеңістікте жасаған өнімін кәдімгі компьютермен көруіне қол жеткізеді. Жұмысын жеңілдетуге арналған", - дейді компанияның топ-менеджері Джерри Као (Jerry Kao).
Аталмыш ноутбук осы жылдың желтоқсан айынан бастап сатылымға шықпақ. Бағасы – 3600 еуродан басталады.