- Негізгі бет
- Техно
- Үш есе жақсы...
Үш есе жақсы көрсететін линза
DARPA қолдау көрсетіп отырған әлемдік ғалымдардың бірлескен тобы көру қабілетін 3 есе жақсартатын телескоптық линза ойлап тапты. Жаңалықты DC Comics компаниясы шығарып отырған супермендердің көз көру қабілетімен салыстыруға болады. Яғни, әлемдегі ең алғашқы бионикалық көз.
Телескоптық линзаның басқаларға қарағанда ұтымдылығы қалыңдығының 1,17 миллиметр болуымен байланысты. Бұған дейінгі осындай қабілеті бар линзалардың қалыңдығы 4,4 миллиметр болып, көзілдіріктер үлкен, сәнсіз көрінетін. Мұндай жұқа линзаны жасап шығару үшін Сан-Диегода орналасқан Калифорния университетінің ғалымы Джозеф Форд пен Лозанадан келген Эрик Трамбле быраз тер төкті. Линзаның шетіне түскен жарық арнайы айналар арқылы 4 рет қайта жаңғырып, 2,8 есе үлкейтіліп көрсетіледі.
Аталған линза макулярлық азғындыққа шалдыққан адамдар үшін үлкен көмек. Бейнелерді көздің зақымданбаған торы арқылы әкеліп көрсетеді. Сатылымға арнайы дайындалатын линзалар газ өткізгіш полимерлерден жасалатын болады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: optika.kz
Қ. Бүйенбай