Ұлыбританиядан "жигулилер қорымы" табылды. Жүздеген ескі, кейбірі жақсы сақталған машиналар ашық аспан астында тот басып жатыр.
КСРО-да жасап шығарылған көліктер басқа мемлекеттерге экспортталған. Бұл маркадағы темір тұлпарларды Канада мен Англия елдерінің азаматтары өте жақсы көрген. Бірақ уақыт өте КСРО машиналары басқа көліктер сияқты қоқысқа түскен.
Жигули машиналарының суретін ағылшын азаматы Джеймс Смит әлеуметтік желіге жүктеген. Ол бір кездері өзі де осындай машина мінгенін айтқан.
Суреттерден ВАЗ-2101, ВАЗ-2102, ВАЗ-2104, ВАЗ-2107 маркалы машиналарды байқауға болады. Мамандар олардың мемлекеттік нөмірлеріне қарап машиналар 1963 жылдан 1983 жылға дейін пайдаланғанын айтып өткен. Себебі, 1983 жылдан кейін автомобиль нөмірлерінің форматы өзгерген.