Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің инженерлері балдырлардың фотосинтезінің арқасында жарты жыл жұмыс істеген микропроцессорды іске қосты. Бұл туралы Science Alert жазды.
Цианобактерияларға негізделген биологиялық фотоэлектрлік ұяшық микропроцессорды бір жыл бойы үздіксіз зарядтай алады. Авторлар бір жыл бойы микропроцессорды үздіксіз қуаттандыру үшін көк-жасыл балдырлардың кең таралған түрін пайдаланған. Жұмыс істеу үшін тек сыртқы жарық пен су қажет болған.
Олардың жаңартылатын түрі шағын құрылғыларды сенімді түрде қуаттайды, дейді зерттеушілер.
"Біздің құрылғы батарея сияқты таусылып қалмайды, өйткені ол үнемі жарықты қуат көзі ретінде пайдаланады. Жүйенің ұзақ уақыт бойы қаншалықты тұрақты жұмыс істегеніне таң қалдық . Құрылғыны бірнеше аптадан кейін тоқтайды деп ойладық, бірақ ол жұмыс істеуін ары қарай жалғастыра берді», - дейді биохимик Паоло Бомбелли.
Тәжірибе барысында жарты жыл бойы электр қуатының бірде-бір ақуы болған жоқ. Сонымен қатар, тәжірибе аяқталғаннан кейін де бактериялар энергия өндіруді жалғастырған.
Кембридж университетінің биохимия кафедрасының профессоры Кристофер Хоудың айтуынша, екі ықтимал теория бар: не бактериялардың өзі ток тудыратын электрондар шығарады, немесе олар контейнердегі алюминий анодының тоттанып, түзілуіне жағдай жасайды. Бактериялар фотосинтез арқылы қоректенетіндіктен, құрылғы қараңғыда да қуат өндіруді жалғастыра алады.