Интернетке қосылмайтын телефондарды сатып алушылар саны көбейді. Ескі модельдерге деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 5 пайызға өскен. Ал, керісінше, өткен жылы смартфондарға деген қызығушылық 2 пайызға төмендеген. Адамдардың ұялы байланысқа деген мұндай шешіміне олардың күндіз-түні инетрнетке телміріп, әлеуметтік желілерге деген тәуелділіктен шаршауы себеп болуы мүмкін дейді мамандар. Fox News мәліметтеріне қарағанда, инетернетті пайдаланатындар орта есеппен 12 минут сайын смартфондарын ақтарып, жаңалықтарды оқып отырады екен. Ofcom зерттеуінің деректері бойынша, британиялықтардың 78 пайызы өмірін телефонсыз елестете алмайды.Әдетте 40 жастан асқан адамдар интернетке күніне 2 сағат 28 минутын арнаса, 18-24 жас аралығындағылардың интернетте отыру уақыты бұдан екі есеге көп.