Жаңа Зеландия мен Ұлыбританияның Отаго университетінің ғалымдары жаһандық семіздік мәселесімен күресу үшін арнайы құрылғы жасады.
DentalSlim Diet Control – тіс дәрігері тістерді бекіту үшін үстіңгі және астыңғы тістерге орнататын құрылғы. Құлып арнайы магниттен жасалған. Бұл құрылғыны орнатқаннан кейін ауызды 2 миллиметр ашып сұйықтықты тұтынуға болады, бірақ ол сөйлеуге және тыныс алуға кедергі келтірмейді.
Зерттеуге қатысушылар 2 аптада 6,36 кг салмақ тастаған. Отаго университетінің денсаулық ғылымдарының жетекші зерттеушісі Пол Брутон бұл құрылғының артық салмағы бар адамдар үшін қауіпсіз екенін айтады. Оны тіс дәрігері орнатады және пайдаланушылардың өздері алып тастай алады. Ал, құлыпты екінші рет пайдалануға болады.
© University of Otago
Пол Брутонның айтуынша, адамдар арықтауға келгенде ережелерді сақтау қиынға соғады. Жаңа құрылғы оларға жаңа әдеттер, аз калориялы диетаны тұтынып үйренуге көмектеседі. Сондай-ақ, бұл құрылғы шығынсыз, хирургиялық процедурамен, жанама әсерлері жоқ салмақ тастауға тартымды балама бола алады деп саналады.
Құрылғыны 2-3 апта бойы қолданған адам ұзақ уақыт бойы тиімді арықтай алады, содан кейін оны алып тастап, үйренген диета негізінде арықтауға болады.
Зерттеулерге сәйкес, әлемде 1,9 миллиард адам артық салмақтан зардап шегеді. 650 миллион адам семіздікке шалдыққан. Жыл сайын 2,8 миллион адам артық салмақтан қайтыс болады. Жағдай осылай жалғаса берсе, 2030 жылға қарай әлем халқының 57 пайызы артық салмақтан зардап шегуі мүмкін.
Бұған дейін әлемде семіз балалардың үлесі артып келе жатқанын хабарлаған болатынбыз.