Philips компаниясы адамдардың күнделікті тіс тазалайтын үйреншікті ісіне жаңа дүние қоспақ. Компания түрлі тетіктер (датчик) көмегімен тұтынушы аузындағы өз орнын қадағалап, 3D-карта құрайтын «ақылды» тіс щеткасын таныстырды. Ол ауыз қуысы күтімін жоғарылатады.
Жаңа тіс щеткасы Sonicare FlexCare Platinum Connected деген ұзақ атауға ие. «Ақылды» құрылғы тұтынушының нақты уақыт режимінде тіс тазалау сапасын қадағалау үшін тетіктерді қолданады. Мұндай тіс щеткасы ауыз қуысындағы өз орнын қадағалап қана қоймай, тіз тазарту техникасын сақтап алады.
Мәліметтер тетіктерден арнайы қондырылған мобильді қосымшаға келеді. Щетка ұялы телефонға Bluetooth арқылы жалғанады. Қосымша ауыз қуысының 3D-картасын құрып, тұтынушыға ерекше күтім қажет ететін проблемалық тістер туралы хабар береді. Сонымен қатар, тазалау техникасын жақсартуға кеңестер береді.
Мобильді қосымша Philips щеткасын әр қолданған сайын жасалған процедура туралы анализ жасап, ауыз қуысының жағдайы туралы үкім шығарып отырады. Сонымен қатар, нақты уақыт режиміндегі мобильді қосымша тазартпай кеткен тістер туралы еске түсіріп, қайта тазартуыңызды сұрап отырады.
Sonicare FlexCare Platinum Connected щеткасын өндірушілердің айтуынша, өнімнің түпкі мақсаты — тұтынушыға тіс тазарту техникасын жақсартуға көмектесу. Өкінішке орай, Philips өз өнімінің бағасы қанша тұратыны және қашан сатылымға шығатыны туралы мәлімет бере қойған жоқ.