Ғаламда орын алып жатқан технологиялық өзгерісті бақылаушылар автоматтандыру және жасанды интеллектіні еңбекте қолданудың салдарын былай топшалайды:
— Мамандықтың кей түрі жоғалады.
— Фриланс жұмысқа алудың негізгі түріне айналады.
— Адамзаттың алдына жаңа, тың дағдыларды меңгеру міндеті жүктеледі.
— Барлығына шартсыз негізгі табыс төленеді.
Алғашқы өндірістік төңкеріс:
Алғашқы революция XVIII ғасырдың ортасында Ұлыбританияда басталған: оның негізгі себебі — механикалық құрылғылардың еңбек нарығында қолданылуы. Өндірістік төңкерістің негізі Дж.Харгривстің (1765 жылы) тігін машинасын жасауымен байланыстырады. Кейін Т.Хайс (1767 жылы) жіп иіру машинасын ойлап табады. Бәрінен бұрын бұл кезеңнің басты жаңалығы Дж.Уатт ойлап тапқан бу машинасы болатын.
Алғашқы өндірістің төңкеріс Ұлыбританияның сауда–саттығына әсер етіп, оның экономикасын көтерді. Билікке буржуазияның келуіне септігін тигізіп, қосымша жұмыс күшінің қалыптасуына, шикізаттардың қорының жинақталуына алып келді.
XIX ғасырда аяқталған алғашқы өндірістік төңкерістің Ұлыбританияда бастау алуы елдің халықаралық аренеда басты орынға жайғасуына септігін тигізді.
Екінші өндірістік төңкеріс:
XIX ғасырдың жартысында екінші өндірістік төңкеріс орын алады. Алғашқы төңкерістен еңбек нарығының толықтай механикаға ауысуымен ерекшеленді. Ал, оның негізгі қозғаушы күші ғылымның дамуы мен нәтижесін өндірісте қолдану болатын. Тек АҚШ–тың өзінде 1860 пен 1890 жылдар аралығында 500 мыңға жуық өнертабыс тіркелген.
Сонымен қатар, бұл кездейсоқ ашылған зерттеулер табыстар емес, бірнеше жыл бойы жұмыс істеген арнайы зерттеу орталығының еңбегі болатын. Бұның барлығы экономикалық өсімге алып келді. Алғашқы төңкеріс Ұлыбританияда орын алса, екінші өндірістік революция АҚШ үшін табысты болды.
Екінші өндірістік революцияның басты инновациялары:
1. Электрстанциялардың пайда болуы: Алғашқы орталық электростанция 1882 жылы Нью–Йоркте Томас Эдисон көмегімен салынды.
2. Мұнай өнеркәсібінің негізі қаланды. Керосин сауда маркасы 1854 жылы пайда болса, 20-ғасырдың басында бeнзин қолданысы артты.
3. Элeктpлі тeлeгpaф пен тeлeфoнның пайда болуы: 1866 жылы АҚШ пен Еуропа алғашқы трансатлантикалық телеграф сымы арқылы байланысты. 1876 жылы Aлeкcaндp Бeллге телефонға патент берілді. 1898 жылы Мәскеу — Пeтepбypг телефон желісі ашылды.
4. Қағаз жасайтын машинаның пайда болуы ақпарат алмасу құрылғыларының арзандауына алып келді.
5. Автомобиль өнеркәсібі. Қозғалтқышқа ие алғашқы көлікті Kapл Бeнц 1886 жылы шығарды, 1916 жылы Гeнpи Фopд компаниясы «T» моделінің бағасын 360 дoллapға дейін түсіргеннен кейін, халық жаппай қолдана бастады.
6. Теміржол құрылысының қарқынды жүруі жүк пен жолаушы тасымалына ықпал етті.
Үшінші өндірістік төңкеріс:
Алғаш болып үшінші өндірістік революция идеясын ұсынған Джереми Рифкин (Jeremy Rifkin) болатын. Үшінші өндірістің төңкеріс 2007 жылдан бастау алады. Төңкеріс телекоммуникацилық және энергетикалық технологиялар мен жүйелер негізінде іске асады:
1) Энергия көздерін жаңарту: күн, жел, гидро, мұхит толқыны мен биомассалардан энергия алу.
2) Электрэнергиясын өз басқаратын құрылыстар.
3) Энергияны сақтаутың су немесе өзге де қорлар.
4) Smart grid технологиясы немесе өндіріс пен тұтынушы іс әрекетін бақылайтын ақылды жүйеның қалыптасуы.
5) Электрлі, гибридті не өзге де транспорттың қолданылуы.
Төртінші өндірістік революция:
Бүкіл әлемдік экономикалық форум директоры Клаус Шваб біздің өмір сүріп жатқан ғасырды «төртінші өндірістік революция» деп атаған. Дегенмен, үшінші өндірістік революция әлі аяқтала қоймады. Оның үстіне, Джереми Рифкин тек төңкерісті электр энергиясымен ғана байланыстырды. Ал, адамзаттың басым көпшілігі үшінші революция смартфон, интернеттің пайда болуымен бірге туындады деген пікірде.
Ал, төртінші революцияға келгенде адамзаттың көкейінде үрей бары жасырын емес. Роботтар адамзатты жұмыссыз қалдырады немесе технология адамзаттан ақылды болып, оларды басқарады деген болжам бар. Әрине, бұл болашақта еңбек нарығына үлкен өзгеріс әкелгенімен, өзгерістердің барлығы жамандықтан бұрын, жақсылыққа бастайтыны анық.
Кейбір сала ескіреді:
Егер жоғарыда аталған төңкерістерге назар аударар болсақ, ешбір сала бірден жер бетінен жоғалып кетпеген. Бүгінде АҚШ–та баяу түрде өндіріс салаларының қызметкерлеріне деген сұраныс азайып келеді. Бүкіл әлемдік экономикалық форум ақпаратына сүйенсек, өзгеріс бастапқы төңкерістен бері әлі жалғасуда: 1979 жылы АҚШ өндіріс саласында қызмет саны — 19 млн, 1999 жылы — 17 млн, 2009 жылы— 12 млн екені анықталған.
Еңбек нарығындағы өзекті мәселеге зер салар болсақ, көптеген индустрияда белгілі бір салалардың ескіруі әбден мүмкін.
McKinsey Global Institute қызметкері Джеймс Манийка өз мақаласында ақпаратты жинау және өндіру мен физикалық күш жұмсалатын салалар істен шығады деп болжаған. 2030 жылға таман жұмыс орындарының 15 %–ы автоматтандырылады
Болжам бойынша, 2030 жылы мына салалар істен шығады:
• Автобус пен такси жүргізушілері.
• Жеткізу қызметі.
• Есепші, аудит пен жаңалықтармен бөлісетін журналистер.
Бұл жолда адам өз жұмысын жоғалтпауы үшін не істеу керек?
Ең алдымен, дағдыларды жетілдіру керек. Бүкіл әдемдік экономикалық форум жақында адамға керекті әрі қажетсіз дағдылар тізімін жарияларды.