Массагет порталы әлемдегі ең қымбат яхталар мен оларға иелік ететін адамдар тізімін ұсынады.
Serene яхтасы / © alamy.com
Serene
Serene яхтасы Сауд Арабияның ханзадасы Мұхаммед бен Салманға тиесілі. Бағасы – $330 млн. Яхта Бермуд аралдарында тіркелген.
Яхтаның ұзындығы – 134 метр, ені – 18,5 метр. Жалпы ауданы 4500 шаршы метр.
Оны ресейлік миллиардер Юрий Шафлердің тапсырысы бойынша итальяның Fincantieri кеме жасау компаниясы жасаған. Яхта 2011 жылы ресми түрде іске қосылды. Ресейлік миллиардер яхтаға бірнеше жыл иелік еткеннен кейін Сауд Арабиясының ханзадасына сатқан.
Яхта жаттығу залы, бірнеше бассейн, кинотеатр, екі тікұшақ алаңы, сондай-ақ жасанды қары бар арнайы бөлмемен жабдықталған. Кеме 55 адамнан тұратын экипажға қызмет көрсетеді.
Dubai яхтасы /© serfingberd.ru
Dubai
Dubai яхтасы Дубай әмірі Мұхаммед ибн Рашид әл-Мактумға тиесілі. Бағасы – 400 миллион доллар.
Дубай яхтасын неміс кеме жасаушы Blohm & Voss компаниясы жасап, 2006 жылы суға түсірген. Яхтаның ұзындығы 162 метр, ені 22 метр. Яхта ұзындығы бойынша әлемдегі үшінші орында тұрады.
Оның қону алаңы мен бассейні бар. Яхта Әмірдің жазғы сарайы түрінде жабдықталған. Яхта 88 адамнан тұратын экипажға қызмет көрсетеді.
REV Ocean яхтасы / © cnn.com
REV Ocean
REV Ocean норвегиялық миллиардер Келль Инге Реккеге тиесілі. Яхтаның бағасы 450 миллион доллар. Кеме Норвегияда тіркелген.
Яхтаны голландиялық Oceanco кеме жасау компаниясы жасаған және 2019 жылы суға түсірілген. Басқа қымбат яхталардан айырмашылығы, REV Ocean демалу үшін салынбаған. Сондықтан оның кинотеатры мен бассейні жоқ, тек қону алаңы мен ғылыми-техникалық жабдықтары бар.
Бұл яхтадағы ғалымдар мен сарапшылар негізінен мұхиттарды зерттеумен айналысады. Сондықтан оның үш шағын ғылыми-зерттеу кемесі бар және олардың бірі суасты қайығы. Яхта 30 адамнан тұратын экипажға қызмет көрсетеді.
Андрей Мельниченкоға тиесілі Sailing Yacht A. /© 24tv.ua
Sailing Yacht A.
Sailing Yacht A. ресейлік Андрей Мельниченкоға тиесілі. Ол 500 миллион долларға бағаланып, Бермуд аралдарында тіркелген.
Оны немістің Nobiskrug кеме жасау зауыты салған және 2015 жылы іске қосылған. Яхтаның ұзындығы 142 метр, ені 24,8 метр. Яхта 54 экипажға қызмет көрсетеді.
Topaz яхтасы /© Sail-Cruise.ru
Topaz
Topaz яхтасы Абу-Даби әмірлігі отбасының мүшесі Мансур Зайд әл Нахайянға тиесілі. Яхтаның құны 525 миллион доллар. Ол Кайман аралдарында тіркелген.
Яхтаны немістің Лурссен кеме жасау зауыты жасап, 2012 жылы суға түсірген. Оның ұзындығы 147 метр, ені 21,5 метр.
Яхтада кинотеатр, конференц-зал, фитнес залы, кинотеатр, екі тікұшақ алаңы және бассейн бар.
Crescent яхтасы / © hiveminer.com
Crescent
Crescent яхтасы Black Dragon Minerals компаниясына тиесілі. Яхта 600 миллион долларға бағаланған. Ол Кайман аралдарында тіркелген.
Бұл яхтаны Германияның Лурссен кеме жасау компаниясы да жасаған және 2018 жылы суға түсірілген. Яхтаның ұзындығы 135 метр, ені 21 метр.
Яхтада жаттығу залы, бассейн, кинотеатр, екі тікұшақ алаңы бар.
Azzam яхтасы / © imgrum.net
Azzam
Azzam яхтасы Абу-Даби әмірі Халифа ибн Зайд ибн Сұлтан әл Нахайянға тиесілі. Ол 620 миллион долларға бағаланады.
Бұл яхтаны да немістің Лурссен кеме жасау компаниясы жасаған және 2013 жылы суға түсірген.
Azzam – әлемдегі ең құнды яхталардың ішіндегі ең ұзыны және ең үлкені. Оның ұзындығы 180 метр, ені 20,8 метр. Оның деңгейі екі футбол алаңына тең.
Dilbar яхтасы / © hauteliving.com
Dilbar
Дилбар ресейлік миллиардер Әлішер Усмановқа тиесілі. Ол 800 миллион долларға бағаланады. Яхта Кайман аралдарында тіркелген.
Бұл яхтаны да немістің Лурссен кеме жасау зауыты жасап, 2015 жылы суға түсірілген. Оның ұзындығы 156 метр, ені 24 метр.
Әлішер Усманов яхтаға анасының есімін берген. Дилбар яхтасында екі тікұшақ алаңы, кинотеатр және демалуға арналған басқа да ыңғайлы орындар бар. Яхтаның экипажы 80 адамнан тұрады.
Роман Абрамовичтің Eclipse яхтасы / © avtodizayn.obzor
Eclipse
Eclipse яхтасы тағы бір ресейлік миллиардер Роман Абрамовичке тиесілі. Яхта 1,2 миллиард долларға бағаланған. Ол Бермуд аралдарында тіркелген.
Eclipse яхтасын неміс тасымалдаушы Blohm & Voss компаниясы жасап, 2009 жылы суға түсірген. Яхтаның ұзындығы 162,5 метр, ені 21,5 метр.
Яхтада концерт залы, үш асхана, кинотеатр, екі бассейн, би алаңы, екі тікұшақ алаңы, 2 тікұшақ, 4 қайық және 20 скутер бар.
Роман Абрамовичтің яхтасын журналистер «мега-яхта» деп атайды. Ол 70 адамнан тұратын экипажға қызмет көрсетеді.
History Supreme яхтасы / © destinoinfinito.com
History Supreme
History Supreme яхтасының иесі ресми түрде белгісіз. Бейресми ақпарат бойынша ол малайзиялық миллиардерге тиесілі. Яхта 4,8 миллиард долларға бағаланған.
History Supreme яхтасын итальяндық Baia Yachts жүк тасымалдау компаниясы жасап, 2011 жылы суға түсірген. Оның ұзындығы небәрі 30 метрді құрайды.
History Supreme яхтасының көлемі шағын болғандықтан, оның басқа үлкен яхталар сияқты кинотеатры да, тікұшақ алаңы да, бассейні де жоқ. Мұндай шағын яхтаның қымбат болуының себебі: оны жабдықтау үшін қымбат металдар пайдаланылған.
Amore Vero / © dailymail.co.uk
Amore Vero
Ресейлік ауқатты Игорь Сечиндікі делінетін "Аморе веро" яхтасы ең қымбат яхталардың ондығына кірмесе де, сән-салтанаты жағынан басқа яхталардан кем түспейді. Ол 200 миллион долларға бағаланады.
Яхтаны сонымен қатар голландиялық Oceanco кеме жасау компаниясы құрастырып, 2012 жылы суға түсірген.
Яхтаның жалпы көлемі жүзу бассейні мен тікұшақ алаңы бар футбол алаңына тең. Оның екі үлкен қайығы мен суасты қайығы да бар.
Яхта бастапқыда Сечиннің әйелінің құрметіне "Ольга ханшайым" деп аталды. 2017 жылы ол әйелімен ажырасқаннан кейін яхтаның аты "Аморе Веро" деп өзгертілді. Игорь Сечиннің өзі яхтаның өзіне тиесілі емес екенін айтқанымен, батыстық ақпарат құралдары яхтаның оған тиесілі екенін айғақтайтын дәлелдер бар екенін алға тартады.