"Күн шығыс" елі әлемді технологияның дамуымен таңғалдыруын қояр емес. Бұл күнде Жапонияда "қонақ үй" қызметін атқаратын пойыз сынақтан өтіп жатыр.
Су жаңа пойыздың екі бірдей аты бар: Seibu 001 және Laview. Жобаның авторы – архитектор Кадзуйо Сэдзим. Наурыз айында Токиодан шеттегі қалаларға қатынауды бастайтын пойыздың басты ерекшелігі - жайлылығында. Пойыздың ішіндегі әрбір деталь, жиһаздар қонақ үйді еске алады.
Архитектордың айтуынша, Laview пойызындағы жайлылық қонақ үйлерден кем болмайды. Жобаның мақсаты - жолаушыларға барынша ыңғайлылық жасау. Seibu 001 пойызы сағатына 120 шақырымды бағындырады. Ал оған 422 жолаушы сыяды.