Тикток сізге қандай контент ұсынады?

TikTok әлеуметтік желісі жылдың танымал желісі атанды десек қателеспейміз. Бірақ, қолданып жүріп, оның сыры мен жұмыс алгоритмін біле бермейміз. 

Тикток желісі контентті қолданушының талғамы мен қызығушылығына сәйкес бөледі. Сол себепті сіз бен досыңыздың желі лентасы әртүрлі болуы мүмкін. Желі сізге ұсыналатын роликтерді қалай жинақтайды және оның механизмі қалай орналасқан, бүгін сіздермен бөлісетін боламыз. 

Құрастырушалар бөлімі өз жұмыстарының кей құпиясымен бөліетін арнайы блог платформа бар. Бұл қосымшаның әр алгоритмі нақты жұмыс істейді. Сондықтан, сіз бір көрген видеоны қайта кездестіруіңіз мүмкін емес. Ал, ұсынымға шығатын контент әлеуметтік желінің өз механизміне сай іріктеледі.

Қызығушылықтар категорясы:
Әлеуметтік желіні алғаш жүктеген кезде сізге бірнеше бөлімді таңдауды ұсынады. Сізге қызық тақырыптар аясын өзіңіз таңдайсыз. Бұл сіздің лентаңызды қызығушылықтарыңызға сай жіктеу үшін жасалады. Тиктоктың сіз үшін қызықты болғанын қаласаңыз, бұл пунктіні жіберіп алмаңыз.

Өзара байланыс:
Видеоға лүпіл басу, сақтау, бөлісу немесе арнаға жазылу маңызды тикток алгоритмі үшін маңызды.  Ұнамаса оны да көрсете аласыз.  Кей автордың видеоларын мүлде көрсетпей тастауға да болады.

Іздеу тарихы:
Сіз іздеген дүние сіздің талғамыңыз бен сұранысыңызды көрсетеді. Іздеу тарихын толықтай тазарттым дегеннің өзінде, бағдарлама тілінде ол жазылып қалады.  

Уақыт:
Әлеуметтік желі сіздің бір видеоға қаншалықты ұзақ уақыт құртатыныңызды бақылайды. Оны аяғына дейін көрдіңіз бе, не өткізіп жібердіңіз бе? Немесе оны бірнеше рет қараған шығарсыз…Мысалы, ыдыс жуып тұрып, өзге видеоға ауыса алмадыңыз да, ол бірнеше рет қайталанды. Тикток сізге сол тақырыптағы контент ұнайды деп шешуі әбден мүмкін. Кейбір авторлар видеоның басы мен аяғы өзара байланысқан "шексіздік" эффектісін пайдаланады. Көп қолданушы толық түсіну үшін екінші рет қайталап көреді. 

Тикток құпиясы:
Кейде сіздің лентаңызға қызығушылықтарыңызға сәйкес келмейтін видеолар шығуы әбден мүмкін. Бұл арқылы тикток авторларға аудиториясын арттырып, желіде өзін дамытуға көмектессе, кей қолданушыға жаңа авторларды таныстырады.