- Негізгі бет
- Техно
- "Tesla Model...
"Tesla Model 3" электркөлігінде ақаулар барлығы анықталды
"Tesla" компаниясының негізін салушы Илон Маск "Model 3" электркөлігінің кемшіліктерін қайта қарауға уәде берді. Бұндай мәселе "Model 3"-тің тежегішіндегі ақаулықтарға байланысты туындап отыр.
"Consumer Reports" журналы эксперттері "Tesla Model 3" электркөлігін сынақтан өткізгеннен соң көліктің тежегішінде ақаулар барын ескеріп, адамдарға сатып алуға кеңес бере алмайтындықтарын мәлім еткен.
Сынау нәтижесіне қарағанда "Tesla" сағатына 97 шақырым жылдамдықпен келе жатып, тежегіш басқанда оның тоқтау қашықтығы 46 метрді көрсеткен. Мамандардың айтуынша бұл көрсеткіш осындай бағадағы машиналар арасындағы біраз төмен нәтиже.
Маск бұл мәселені машинадағы бағдарламаны жаңалау арқылы шешетінін айтты.
Сонымен бірге, "Tesla" компаниясының иесі журнал эксперттеріне электромобильді тағы да бір сынаудан өткізуді ұсынған. Оның айтуынша алғашқы тест-драйвте журнал эксперттеріне "Tesla"-ның ең бірінші шығарылған нұсқасы жіберілген болып, оның бірқатар ақаулары болуы мүмкіндігін айтады.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Илон Маск "The Boring Company" тарапынан құрылып жатқан туннельмен сапарға шығу қанша болатынын айтқанын жазған едік.
Т. Раушанұлы