31 қаңтардан 1 ақпанға ауған түні Телеграм қосымшасыApp-store дүкенінен жоғалып кетті. Әлемнің барлық осы операциялық жүйе тұтынушысы әзірше мессенджерді уақытша жүктей алмайды. Телерамның негізін қалаушы Павел Дуровтың пікіріне қарағанда, бұл байбалам салатын мәселе емес. Кей кішігірім техникалық ақаудың салдарынан осындай жағдай орын алған. Бірақ, оқиғаның мән-жайын толыққанды ашып айтпай отыр. Тек алдағы уақытта қосымша қайтадан қалыпқа келетінін жеткізді. Ал, Android операциялық жүйесіндегі қосымшада ешқандай ақау жоқ. Барлығы еш қателіксіз өз қызметін атқарып тұр. Кей шетелдік сарапшылардың пайымдауы бойынша, Телеграм құрастырушылары қосымшаға жаңартулар енгізіп жатып, бағдарламаны байқаусызда өшіріп алған. Дегенмен, араға көп уақыт салмай қосымша қайта іске қосылатынын сарапшылар да еш күмәнсіз айтып отыр.