Аустриялық дизайнер Клеменс Шиллингер формасы мен салмағы бойынша смартфонға ұқсас 5 құрылғы жасаған. Ондағы кішкене дөңгелектер телефонмен жасалатын әрекеттерді имитациялайды. Жоба Substitute Phones деп аталады. Шиллингер осы құрылғылар арқылы телефонына қарап отыруды әдетке айналдырған тұтынушыларға көмектеспекші. Адамдар туыстарымен, жақын достарымен кездесу барысында қолындағы телефоны арқылы әлеуметтік желілерге қашып кетеді. Осы себепті өмірде әлдеқайда маңызды сөздер айтылмай, шер тарқатысулар сиреп жатады, дейді дизайнерөз жобасына қатысты. Бұл идеяны жүзеге асыруға жазушы Умберто Эко себеп болған. Жазушы темекі шегуді тастау үшін шылым орнына кішкене таяқша ұстап жүруді әдетке айналдырған екен.