Huawei компаниясы 2025 жылға қарай әлемдегі технологиялық тенденциялар қалай өзгеретінін, 6 жылдан кейінгі қоғам қандай болатынын болжап көрді.
Алты жылдан кейін көліктердің көбі автопилотпен шыға бастайды
2025 жылға қарай дамыған елдерде автопилоттағы көліктер көбейеді. Адамдарды, инфрақұрылым мен транспорт байланысы жаңа деңгейге көтеріледі. Мұндай автономды байланыс қаладағы кептелісті жояды, ал жасанды интеллект жолдағы төтенше жағдайды жедел бағамдап отырады.
Өте жылдам интернет
Қазір 5G, мобильді байланыстың бесінші өкілі, біртіндеп технология әлеміне еніп жатыр. 2025 жылға қарай 5G әлемдегі 58% адамға қолжетімді болмақ.
AR дамиды
Жасанды орта технологиясы 2010 жылдың өзінде көпке қолжетімді болды. Алайда, оны көбі тек ойын-сауық үшін пайдаланды. Алты жылдан кейін барлығы өзгереді. Смартфондардың қуаттылығы артып, Google-дың (ARCore) және Apple-дың (ARKit) сынды жасанды орта технологиялары барынша жан-жақты бола түседі. Ол жарнамада, ойын-сауықта және жұмыста қолданылатын болады.
VR дамиды
Супертехнологиялар, жылдам 5G интернет пен машиналды оқытудың дамуымен қатар виртуал ортаға да жаңа мүмкіндіктер туады. VR-технология адамдарға жаңа көзқарас пен орта сыйлайды. Мысалы жылдам сараптау, объектілер туралы лезде ақпарат алу. Global Industry Vision болжауынша, алты жылдан кейін компаниялардың 10%-і VR-технологияны барынша белсенді қолданады.
Роботтар автоматизациясы
Мамандар болжамына сәйкес, 2025 жылы орта есеппен 10 мың жұмысшыны 103 робот алмастыра алатын болады және бұл сан жылдан жылға арта береді. Роботтардың автоматизациясы физикалық жұмыстардағы қауіпсіздікті күшейтіп, өнімділікті арттырады деген үміт бар. Бірақ оның кері әсері бар – роботтар адамдардың жұмыс орнын азайтады.
Мінсіз коммуникация
Жасанды интеллект клиенттер мен компаниялар арасындағы байланысты нығайтпақ. Диалог дәлдігі, түсіністік пен сенім болашақ коммуникация құралдарының мойнында болады. Одан қалды “ақылды” чат-боттар тілдік барьерді жояды. Болжамға сай, компаниялардың 86%-і чат-боттар қызметіне жүгінеді.
Бұлтты технология өрісі кеңейеді
Қазірдің өзінде бұлтты технологиялар кең қолданылып жатыр. Болашақта оның қолданылу аясы қазіргіден арта түспек.
Жаңа нәрсені үйрену оңай болады
Технологияның жан-жақты дамуы адамды да дамытады. Жасанды интеллект пен дайын бағдарламалар адамдардың жаңа дағдыны, тілді қиындықсыз меңгере алатын болады.
Триллион гигабайт ақпарат
Интернет жылдамдығының артуымен қаьыр әлем бойынша алмасатын ақпарат көлемі де артады. 2025 жылға қарай әлемдік деректердің көлемі 180 ЗБ (1 зеттабайт = 1 триллион ГБ). 2019 жылы бұл көрсеткіш 33 зетабайтқа бағаланып отыр.