Адамның кейбір "жағымсыз" әдеттері электрониканың істен шығуына себеп болуы мүмкін.
Компьютер (ноутбук) алдында тамақ ішу
Компьютер алдында тамақтанғанда пернетақтаға қоқымдар түсіп кетуі мүмкін. Адам қанша абайлап тамақ ішсе де нанның қиқымы, тамақтың ұсақ қалдықтары батырмалардың жиегіне кіріп кетеді. Соның әсерінен пернетақта сыр беріп, істен шығады.
Құрылғыны көлікте қалдырып кету
Электрониканы бөлме температурасында сақтау қажет. Температураның түсіп немесе көтеріліп кетуі оған зиян. Қандай да бір құрылғыны көлікте қалдырып кеткен жағдайда оның аккумуляторы мен дисплейі зардап шегеді.
Тазартқыш құрал ретінде тұрмыстық химияны пайдалану
Тұрмыстық химия флаконында "универсал", "барлық затқа арналған" деген сияқты жазу болса да, оның электрониканың барлық түріне жарайтынына кепілдік жоқ. Оның құрамындағы заттар экранға немесе басқа бөлшегіне кері әсер етуі мүмкін.
Жуыну бөлмесінде немесе дәретханада смартфон пайдалану
Біріншіден, смартфон дәретханадан түрлі бактерия мен паразитті тасымалдайды. Екіншіден, жуыну бөлмесінде және сол дәретханада смартфонды суға түсіріп алу қаупі жоғары.
Жүйенің жаңарған нұсқасын орнатпау
Смартфондардың істен шығуына сыртқы фактор ғана емес, ішкі проблемалар да себеп болуы мүмкін. Смартфонның операциялық жүйесі белгілі бір уақытта жүйенің жаңарған нұсқасын шығарады. Оны уақытында орнатып отырмаса, құрылғы толыққанды жұмыс істемей, функционалы әлсірейді.