- Негізгі бет
- Техно
- Тарихтағы ең қымбат...
Тарихтағы ең қымбат сызықша
Америкалықтар 1962 жылы Шолпан ғаламшарын зерттеу мақсатында "Маринер-1" зымыранын көкке ұшырады. Бірақ арада бірнеше уақыт өтіп ғарыш аппараты апатқа ұшырайды.
Алғашқыда зымыран антеннасы істен шығады. Содан соң басқару борт компьютеріне өтеді. Компьютер антенна ұзатып жатқан бұрыс толқындарды қабылдамай, зымыранды өзі басқаруы тиіс еді. Бірақ, нәтиже ғалымдар күткендей болмады. Себебі, оған орнатылған бағдарламада бір қате болатын – нұсқауларды перфокарталарға өткізуде теңдеулердің біріндегі сызықша түсіп қалған. Бұл теңдеудің математикалық мәнін түптен өзгертіп жіберген, нәтижесінде зымыран өз бағытынан солға бұрылып, жарылып кетеді.
Осы оқиғаны жариялаған журналистер бұл "тарихтағы ең қымбат сызықша" деп жазған еді. Бүгінде есептеулерге қарағанда компьютердегі бір қателік, яғни сызықшаның түсіп қалуы 135 миллион доллар тұратын ғарыш кемесінің жарылуына әкеліп соққан.
Т. Раушанұлы