- Негізгі бет
- Техно
- Тарихтағы "біртүрлі" өнертабыстар...
Тарихтағы "біртүрлі" өнертабыстар
ХІХ ғасыр аяғында технология өркендей бастап, ХХ ғасырда жаңа деңгейге шықты. Бұл процес бірқатар таңғажайып өнертабысқа себеп болды. Бірақ ғалымдар адамзатқа пайдасы жоқ, адамның күлкісін келтіретін дүниелерді де жасап шығарған. Солардың бірнешеуін назарыңызға ұсынамыз.
Тышқанды қорқытатын құрылғы
Мұндай жабдық мысық сияқты дыбыс шығару арқылы тышқанды үркітеді. Ғалымдар кезінде оны адамзатқа пайдалы болады деп ойласа керек. Бірақ оның біреуге пайдасы тигені дәлелденбеген.
Көліктегі кофе қайнатқыш
Өткен ғасырдың 50-жылдарында осындай құрылғылар көліктерге орнатыла бастады. Ол кезде тіпті көлікте жұмыртқа қайнататын құрал-жабдықтар мен сақал-мұрт қыруға арналған құрылғылар да болған.
Моторлы уницикл
Өткен ғасырда көлікке түрлі тәжірибе жасалды. Мысалы мынадай конструкциялар әдеттегі мотоциклдерді алмастырады деп болжанған.
Сәнді шөп оратын машина
Мына шөп оратын машинаның жабық кабинасы бар. Мұнымен шөп орған адамдар кабина ішінде радио тыңдап, машинаны арнайы батырмамен басқарып отырған. Бүгінде мұндай құрылғыны тек кәсіби комбайнер ғана армандай алса керек.
Жарық шашатын дөңгелектер
1961 жылы Goodyear компаниясы жарық шашатын дөңгелектер шығара бастады. Олар мөлдір резеңкеден жасалып, ішінде дөңгелекті жарықтандыратын неон түтіктер болған.
Балаларға арналған терезе торлары
Сәбилердің таза ауамен дем алуы үшін 1937 жылы осындай торлар ойлап табылған. Бұл тор далаға шықпай-ақ, баланың таза ауада ойнап отыруына мүмкіндік береді.
Күнге күюге арналған құрылғылар
ХХ ғасырдың ортасында әйелдер арасында күнге күюге деген ұмтылыстың қатты болғаны сонша, тіпті кейбір өндірушілер мұндай құрылғыларды сауда орталықтары мен қала көшелеріне орнатуды көздеген.
Ыстық тағамды суытатын құрылғы
1948 жылы коммерциялық мақсатта ыстық тағамды салқындатуға арналған арнайы қондырғы ойлап табылды. Егер мұндай құрылғы қазір сатылымға шықса, оның мобильді қосымшасы да міндетті түрде болар еді.
Әйелдердің бояуын жаңбырдан қорғайтын бетперде
Суға ерімейтін тушь ойлап табылғанға дейін әйелдер бетіндегі бояуын жаңбырдан қорғау үшін осындай маска тағатын болған.
Радио тыңдауға арналған бас киім
Қазір смартфон арқылы бір уақытта музыка тыңдап, жаңалықтар оқып отыра бересіз. Ал өткен ғасырда осындай мүмкіндікке ие болғысы келгендерге арнайы радиоқалпақ ойлап табылған.
Т. Раушанұлы