Бүгін Түркияның Стамбул қаласында 90 миллион жолаушыға қызмет көрсететінәлемдегі ең үлкен әуежай жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қатысуымен ресми түрде ашылады. Жалпы аумағы 76,5 миллион шаршы метр әуежайдың алғашқы бөлігі ашылуы үшін 6 миллиард доллар жұмсалған. Әуежайдың қалған бөлігі 2023 жылға дейін қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Әуежай толықтай іске қосылған кезде оның 6 ұшу-қону жолы, 500 ұшақты қабылдай алатын мүмкіндігі, 70 мың автомобиль үшін ашық және жабық көлік тұрағы, 20 мың адамға арналған күту залы және 200 миллион жолаушыға қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болады. Әуежайдан 350 бағыт бойынша ұшақ рейстері жүзеге асырылады. Сонымен бірге, оның 451 бөлмелі қонақүйі де бар.Әуежайдан алғашқы сапар 31 қазан күні Boeing 777 ұшағымен Стамбул-Анкара бағыты бойынша жүзеге асырылады.