SpaceX тағы 57 жер серігін ұшырды

SpaceX тағы 57 жер серігін ұшырды
Фото: flickr.com

SpaceX-тің Falcon 9 зымыран тасығышы 7 тамызда 57 және BlackSky-дің 2 жер серігін ғарышқа алып шықты. Falcon 9 зымыран тасығышы осындай миссияны оныншы рет орындады.

Starlink желісі бүкіл әлемдегі адамдарға интернетке қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама. Бұл салмағы 500 кг болатын көптеген кішкентай жерсеріктерді орбитаға орналастыру арқылы жасалады. Байланыс жүйесі адамзатты 1 Гбит / с жылдамдық интернетпен қамтамасыз етеді.

Алғашқы жоғары жылдам интернет 2020 жылдың соңына дейін оңтүстік АҚШ тұрғындарына қол жетімді болады.

Space X компаниясы негізін қалаған Starlink интернет желісіне арналған осындай жерсеріктер саны орбитада 537-ге жетті.

SpaceX компаниясының жоспары бойынша, 12 мың жасанды жерсерігінен тұратын ғаламдық жүйе толық іске қосылғаннан кейін Жер шарының кез келген түкпірінен кең жолақты интернет байланысына қосылуға мүмкіндік тумақ. Жобаны жүзеге асыру үшін инвестицияның жалпы құны 10 миллиард доллар деп бағаланған.

Айта кетейік, Starlink – бұл ғаламшар тұрғындары үшін кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған келесі буынның спутник желісі. Жоба 2018 жылдың ақпан айында іске қосылды. Содан кейін Falcon 9 көмегімен екі спутник орбитаға бағыт түзеді. Барлығы 12000 жер серігі орбитаға шығарылады. Сондай-ақ, 328 шақырымнан 580 шақырымға дейін орбитаға 30 000 қосымша жерсеріктерін жеткізу жоспарланған.

Т. Раушанұлы