- Негізгі бет
- Техно
- Смартфонның батареясымен жұмыс...
Смартфонның батареясымен жұмыс істейтін жасанды жүрек шығарылды
Францияның Carmat компаниясы смартфонда қолданылатын литий-ионды батареясымен жұмыс істейтін жасанды жүрек ойлап тапты.
Aeson деп аталатын жасанды жүрек адамның орташа жүрегінен 3 есе ауыр. Оны шығарған компания 27 жылдан бері жасанды жүректің жасалуымен айналысады.
Жасанды жүрек сенсорлармен, қалыпты қан ағымын қамтамасыз ететін гидравликалық жүйемен жабдықталған және жаттығу кезінде жоғары жылдамдықты қолдау үшін ағынның жылдамдығын реттей алады. Демек, жүрегінде ақауы бар адамдар төсекте жатудың немесе арнайы құрылғыларға үнемі қосылудың орнына күніне 4 сағаттай қозғалып, бір құрылғыны 5 жылға дейін қолдана алады.
Carmat-тың жасанды жүрегі адам жүрегінің функцияларын орындайды және қан ағынын жеңілдететін 4 биологиялық клапан, 2 қарынша, 2 микропомпа, датчиктер, сыртқы құрылғы, батарея және құрылғының жұмысын бақылау үшін пультпен жабдықталған.
Франция компаниясы жүрек ауруынан зардап шегетін науқастарға толық имплантацияланған жүректі қолдануды жоспарлап отыр. Бұған дейін жасанды жүрек қойылған науқас 2 жыл бақылауда болған. 2 жыл ішінде біраз жақсы нәтиже көрсеткен.
Компанияға жасанды жүректі сату үшін еуропалық биліктен рұқсатты 10 жыл күткен. Осылайша, Франция компаниясы Еуропа тарихында жасанды жүректерді сатуға рұқсат берілген алғашқы компания болды. Құрылғы 2021 жылдың екінші жартысында сатуға шығарылады.
Т. Раушанұлы