- Негізгі бет
- Техно
- Смартфоннан қай бағдарламаларды...
Смартфоннан қай бағдарламаларды өшіріп тастаған дұрыс?
Смартфонға өзінше бір күтім керек. Оның сыртын сылап қоя салмай, іш-құрылысына да бапта ұстаған жөн. Мысалы артық бағдарламаларды өшіріп отыру. Сол арқылы жады тазарып, смартфонның жұмыс уақыты мен өнімділігі артады. Ендеше смартфоннан қай бағдарламаларды өшіріп тастаған дұрыс?
"Қуат үнемдегіш бағдарламалар"
Бөлім атындағы тырнақшаға мән берген болсаңыз, мұндай бағдарламалардың қуат үнемдейтініне күмән көп. Үнемдеуден гөрі қуатты жеуге бейім келеді. Оларды бір сөзбен алаяқтар дей берсе болады. Өйткені мұндай бағдарламалардың жалғыз мақсаты – вирус жарнамадан ақша жасау.
Батарея қуатын үнемдеу қолданушының тек өзіне байланысты. Ол үшін қуатты көп жейтін бағдарламаларды өшіріп отыру, дисплей жарығын оптимал режимде ұстау, қолданылмайтын бірақ қуат жейтін функцияларды өшіріп отыру сияқты түрлі шараларды жасау жеткілікті.
Әлеуметтік желі бағдарламалары
Баптауларға кіріп әлеуметтік желілердің қанша жады алып тұрғанын қарасақ, табиғи салмағынан едәуір асып кеткенін байқауға болады. Оның барлығы қолданушының әлеуметтік желіде жинаған түрлі мәліметтер қоры мен кэш-жинақ әсерінен. Егер оларды бұлтқа сақтағанда, мысалы Telegram сияқты, жадыны, қуатты онша көп жемес еді.
Әлеуметтік желіге браузер арқылы кірсе де жеткілікті. Браузердегі парақшаның сілтемесін жұмыс үстеліне шығарып қоюға болады немесе бағдарламалардың ықшамдалған нұсқаларын орнатып алыңыз. Мысалы Facebook Lite.
"Антивирустық бағдарламалар"
Бұл да "қуат үнемдегіш бағдарламалар" сияқты. Бірақ антивирустар лицензиясыз бағдарламаларды орнататындарға керек болуы мүмкін. Өйткені бөгде қоймаларда қауіпті бағдарламалар жиі кездеседі. Ал егер бағдарламаларды тек AppStore немесе Google Play арқылы орнататын болсаңыз, антивирустардың түкке керегі жоқ.
Clean Master сияқты "тазалағыштар"
Мұндай бағдарламалар смартфонның тек кэшын тазалап береді. Оны қолданушы бағдарлама көмегінсіз-ақ баптау арқылы істей алады. Ол үшін "Кэшты тазалау" функциясын тауып алыңыз.
Massaget.kz