Смартфон сатып аларда нені білу қажет?

Смартфон сатып аларда нені білу қажет?
Фото: freepik.com

Жаңа смартфон сатып алуда нені басты назарда ұстау қажет? Бағасына ма әлде сапасына ма? Сатып алушылар қандай қателік жібереді? 

Заманауи смартфонның кез келген тұтынушының көңілінен шығатын түрі жетерлік. Ойын ойнауға, фотоға түсіруге, жұмыс жасауға арналған түрлері де жетіп артылады. Дегенмен жаңа смартфон сатып алғанда нені назарда ұстау қажет. 

1. Модем және антеннасы

Кез келген смартфонмен қалаған уақытыңызда хабарласып, ғаламторды шарлай аласыз. Алайда барлық телефон бұл тұрғыда бірдей емес. Байланыс сапасына және ғаламтордың жылдамдығына модем жауап береді. Тіпті, Wi-Fi арқылы ғаломтарға кірсеңіз де белгілі бір мөлшерде оның жылдамдығы модемге байланысты. Соңғы уақытта смартфондар қуатты үнемдеуге тырысады, сол себепті аккумулятор қуаты ұзаққа шыдас береді.

Сондай-ақ, антеннаның маңызы зор. Көп болған сайын, сигнал жылдам әрі қуатты болады. Әдетте телефонға екі не төрт антенна орнатылады. Мысалы, iPhone XS және XS Max смартфонында 4, ал iPhone XR-де 2 антенна.

Барлық смартфондарда Intel XMM 7560 модемі орнатылғанымен, антеннасында айырмашылық бар.

2. IPX қорғаныс деңгейі

Смарфондардың қорғаныс деңгейін IPX стандартына сәйкес оның су мен шаңға төзімділігін анықтауға болады. Қорғаныс деңгейін Халықаралық электротехникалық комиссия анықтайды. IP-ден кейінгі алғашқы сан құрылғының қатты заттардан қаншалықты қорғанғанын көрсетеді. 0 — қорғалмаған, 6 — толықтай қорғалған. Екінші саннан суға қаншалықты төзімді екенін байқауға болады.

3. Қуаттау жылдамдығы

Телефонын тек кешкісін не түндей қуаттайтындар үшін бұл маңызды емес. Ал үнемі қозғалыста жүретіндер үшін смартфонның тез қуатталып әрі үнемдейтіні қажет. Қуаттау жылдамдығы тек смартфонға ғана емес, қуаттағыш құрылғыға да байланысты. Дегенмен смартфоныңыз сымсыз қуатталатын болса, тіпті, керемет.

4. Нейронды процессор

Өткен жылы өндірушілер смартфондарға жасанды сана жүйесін орнатып бастады. Олардың жұмысы нейронны процессор қадағалайды. Нейронды процессорлар фотодағы затты анықтап, фотоның сапасын арттыру үшін қажетті параметрге байланысты сұрыптайды. Сондай-ақ, дауыс арқылы тану және қосымша деректерді өңдеу осы нейронды процессорға тікелей байланысты.

Барлық қымбат смартфонда жасанды интеллект орнатылған. Мысалы, Apple смартфондарында Neural Engine жасанды санасы бар.

5. HDR қолдауы

HDR технологиясы экрандағы түстердің қанықтығына жауапты. Бұл арқылы смартфондағы ең ашық және күңгірт түстерді анықтап қарай аласыз. Қазір бұл технологияның бірнеше түрі бар. Ең танымалы - HDR10 технологиясы. HDR10 ашық саясат ұстанады, сол себепті қолжетімді. Dolby Vision HDR10 технологиясынан әлдеқайда мықты болғанымен, лицензияны талап еткендіктен аса сұраныста емес.

Айбар Рысдәулет

Massaget