Смартфон камералары жетілді, сапалы суреттер мен видеолар түсіруге мүмкіндіктері бар. Ал жаңа Flens линзасының көмегімен дұрыс жарықтандырылмаған жерде де жақсы суреттер шығаруға болады.
Смартфондардағы камералардың басты кемшілігі – жарық жетіспесе сапалы суреттер түсіре алмауы. Смартфонға қондырылған жарқыл алыстағы заттармен салыстырғанда камераға фокусталуға мүмкіндік бермейтін, шашыраңқы жарық береді.
Flens жаңа жобасы телефонның камерасын түнде қолдануға мүмкіндік береді және смартфонның қарапайым жарқылын мықты шамға айналдырады. Flens – смартфонның жарқылына киілетін, линзалар жинағы бар шағын металл қорап. Арнайы линзаларды қолдану жарқылдың алшақ сәулелерінен фокус алуға мүмкіндік береді. Соның себебінен, қашықтықтағы нысанды жарықтандырады.
Flens смартфон корпусына объектив айналасындағы шағын магниттер көмегімен ұсталып тұрады. Мұндай линзаны қалтаңызға салып жүрсеңіз, жоғалтып алуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан салпыншаққа тағып қоюға болады.
Flens линзасын сериялық өндіріске жіберу үшін Kickstarter платформасында қажетті қаржы жиналды. Жобаға қаражат бөлінсе, оны шамамен 6 600 теңгеге (22 доллар) алуға болады. Санаулы данасын сатып алу шамамен 11 550 теңгені (35 доллар) құрауы мүмкін. Өндіріс пен тасымал 2016 жылдың шілде айына жоспарланып отыр.