- Негізгі бет
- Техно
- Синклер ісі: Insagram...
Синклер ісі: Insagram сублицензиясы туралы не білу керек?
2016 жылы Mashable басылымы фотожурналистер туралы материал жариялады. Оның ішінде Стефани Синклер де бар. Басылым фотограф суреттерінің бірін Instagram парақшасынан кіріктіріп (репост) пайдаланған. Себебі Mashable-дың Синклер фотосуретіне лицензиясы болмаған. Салдарынан Синклер басылымды сотқа берген. Фотографқа олардың мұндай айласы ұнамай қалған.
Биыл 13 сәуірде сот шешімі шықты. Сот Кимба Вудтың айтуынша, Instagram-ның онда жарияланған контентке қатысты "толығымен төленген, қайтарымсыз, табысталған, сублицензияланған" құқығы бар. Автор суретті Instagram-ға жариялай отырып, постты кіріктіруге рұқсатын береді. Яғни ол фотоны өзге сайттарға кіріктіруге сублицензия ұсынады.
Синклердің ойынша, Instagram-ның шарттары мұндай интерпретация үшін "түсініксіз" әрі "қарама-қайшы". Себебі Instagram мынадай дилеммаға душар етеді: фотоны өзге сайттардың жариялауына заңды түрде рұқсат беру немесе ең танымал фотосервисті пайдаланбау.
Сот мұндай проблеманың барын мойындады, бірақ ештеңеге көмектесе алмайтынын айтқан. "Сотқа арыз беруші Instagram-дағы парақшасына фотосурет жариялай отырып таңдауын жасады. Сот оны әлеуметтік желімен жасасқан келісімінен босата алмайды", - деп түсіндірген.