- Негізгі бет
- Техно
- Шымкент әуежайында 2020...
Шымкент әуежайында 2020 жылы жаңа терминал салынады
Фото:
tengrinews.kz
Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов Шымкент әуежайында 2020 жылы жаңа жолаушылар терминалы салынатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, бірнеше қаладағы әуежайлар да жөндеуден өтеді.
"Биыл біз Түркістанда жаңа халықаралық әуежай мен Шымкентте жаңа жолаушылар терминалын ашуды жоспарлап отырмыз. Үржар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта қалпына келтіру жұмысын бастаймыз. Қаржы бөлінсе, Өскемен және Үшарал қалаларындағы әуежайлардың тағы екі ұшу-қону жолағын қайта жаңартамыз, - деді министр Үкімет отырысында.
Министр алдағы бес жылда 13 аэродром салу жоспарланғанын айтты. Қазір Қазақстанда жергілікті әуе компанияларының Үшарал, Үржар және Зайсанда үш ұшу айлағы бар.
Т. Раушанұлы