Лозанна қаласындағы Швейцарияның жоғары техникалық мектебінің мамандары (Swiss Federal Institute of Technology) саламандра кесірткесінің қимыл-қозғалысын айнытпай қайталайтын робот жасады. Ол 3D баспадан шығарылды, роботтың жүйке жүйесінің жұмысына электронды кесте жауап берді. Бұл туралы National Geographic хабарлайды.
Механикалық роботты жасаушылар жобаға саламандраның рентген суреті мен бауырымен жорғалаушының суда және құрғақтағы жүрісі түсірілген видеоны пайдаланды. EPFL мамандары бұл қаңқаның 3D-моделіне негізделген алғашқы робот деп мәлім етті.
Жоба омыртқалылардың қаңқа құрылысын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Осыған негіздей отырып ары қарай адамдардың жетілдірілген нейропротездерін жасауға болады, ол мүгедек адамдарға көмекке келеді.
Дереккөз: inform.kz